Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

ЖАПА ШЕККЕНДЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ - ПЕРЗЕНТТІК БОРЫШ

ЖАПА ШЕККЕНДЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ - ПЕРЗЕНТТІК БОРЫШ 01.06.2020

ЖАПА ШЕККЕНДЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ - ПЕРЗЕНТТІК БОРЫШ

Ерімбетова Құндызай

ҚР БҒМ Ғылым комитеті

Мемлекет тарихы институтының 

жетекші ғылыми қызметкері, 

тарих ғылымдарының кандидаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жарияланған Үндеуін аса зор тебіреніспен қарсы алдық. Бабалар дәстүрлерін қастерлейтін қазақстандықтар үшін бұл Үндеудің маңызы ерекше тарихи әрі өзекті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқының ешқашан қиындыққа мойымағандығын атап өткені мәлім. Расында, ғасырлар қойнауында сансыз сын-қатерлер еңсерілді. Тарихи кезеңнің тағылымын санадан өткізу кімге болса да парыз. Ерлік жолдарынан ғибрат алу – міндет. Бүгінгі күні қуғын-сүргінге ұшырағандардың көзі жоқ болғанмен, олардың ұрпағы бар.

Қасіретті тағдыр - халық жадында. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қазақ зиялылары қоғамдағы төңкерістің түсініксіз жәйіттерін түрлі басылымдарда жариялаған болатын. Билік «Кеңес өкіметін» орнатуда тек қарулы күшке сенді. Мәжбүрліктен өкіметтің үстемдігі мойындалды. Күштеу салдарынан тұрғындарды еріксіз бейшара халге түсірген жаңа бюрократтық жүйе қалптасты. ХХ ғасыр басындағы төңкеріс, ашаршылық, ұжымдастыру, 1928 жылы шаруашылықтағы мал-мүлікті күштеп тәркілеу науқанынан басталған ауыл тұрғындарына қарсы қысым, 1929-1931 жылдары шырқау шегіне жетті және 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргінмен ұласты.

Қазақ зиялылары айналып келгенде: «пролетариаттың өз тарихының, оның машинасының, қайыс камзолының иісі шықпауы, түптеп келгенде қазақтың да мың жылдық тарихының елтірі тұмағының иісі шықпауы мүмкін емес» екендігін тұжырымдап кеткен болатын. Шүкіршілік, тәуелсіздік таңы атты. Қазақстан халқы қол ұстасып, қатар жұрттан асатын әлеуетке жетті. Алаш арыстарының есімдері қайта жаңғырды. Енді жоғымызды, жапа шеккендерді түгендеудің сәті келді.
Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Бұл гуманитарлық сала мамандары үшін де үлкен жауапкершілік. Президент ұсынғандай біртұтас ұлт ретінде баршамыз қолдан келгенше перзенттік парызымызды өтейік.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика