Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Президентттің мақаласы жастарға нақты бағыт-бағдар берді

Президентттің мақаласы жастарға нақты бағыт-бағдар берді 14.01.2020

Президентттің мақаласы жастарға нақты бағыт-бағдар берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы қоғамдағы әрбір азаматқа ой салып, қатты толғандырды.

Мақалада кемеңгер тұлға Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің заманымыз үшін ойлы, орамды пікірлері қозғалған. Президент мақалада ұлы ақын Абайдың айтқан ой-тұжырымдамаларын мемлекет мүддесіне, оның игілігіне пайдалану қажеттігін мәлімдеді. Мақалада баяндалған басты ойлардың бірі – ұлы ақынды әлем жұртына лайықты деңгейде таныту, жаңа Қазақстанның бренді ретінде таныстыру қажет. Әсіресе елдің ертені болатын жастарға мақала нағыз уақытысында ұсынып отырған өмірлік азық деп айтуға болады. Өйткені Абай шығармаларынан алатын өнеге, тәлім-тәрбие зор.

Мақала студент жастар, оқытушылар, ұстаздар үшін ғана емес, жалпы көпшілік үшін де тағылымды сабақ болды. Мақаланы оқыған әрбір адам өзіне өмірлік бағыт-бағдар алып, еліміздің болашақ дамуына негіз болатын басты жолдарды өзі үшін анықтады деп ойлаймыз.

Қазіргі әлемдік жаһандану заманындағы қиын да күрделі кезеңде Қазақстан мемлекеті қандай ауқымды іс-шараларды қолға алуы қажет, келешекке арналған басты бағыттар мен белгіленген жоспарлардың мәні қандай? Ең бастысы, бүгінгі таңдағы маңызды әрі өзекті мәселе – жастар тәрбиесі, ғылым мен білім беру саласы талапқа сай ма?

Президент өз мақаласында осы мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті. Елдің экономикасын дамытуда, әлеуметтік-материалдық мәселелерді шешуде ғылымның маңызды орнын атап көрсетті. Алда тұрған міндеттер, мемлекеттік мүдделер айқын да түсінікті жеткізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.

Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз – деді.

Абай «қазақ халқының көсемі, қазақ халқының бет – бейнесі, қазақ халқының төлқұжаты. Бүгінгі егемен елдің бүкіл идеологиясы Абайдың өсиетімен, жүруі керек деп ойлаймыз.

Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасы Н.Назарбаев: «Жалпы, біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін де Абайдан табасың. Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты ұстанып отырған мемлекеттік ішкі – сыртқы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға болады.

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген жолдардан халықтар достығы ақын үшін қатар өмір сүрудің жалаң дипломатиясы ғана емес, тіршіліктің негізгі мағынасын айқындайтын ұлы мұрат екені көрінеді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын» деген еді.

Абайдың нағыз дана және дара екенін асқан көрегендікпен тани білген Ахмет Байтұрсыновтың «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек» деген сөзі де осы күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ахмет Байтұрсынов айтқан осы ойды үнемі есте тұту кажеттігі айқындала түсуде.

Қорыта айтқанда, Президент мақаласы ойға жаңа бағыт-бағдар беріп, келешекке жігер серпілтті. Жастарға ел сенімі ерекше артылып отырғандығына тағы бір көз жетті. Ендігі мақсат осы белгіленген міндеттерді орындау, еліміздің дамуына бар күшімізді жұмсау.

 

Айтбала Абенова,

Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика