Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «2019 жылғы саяси транзит: Елбасының стратегиялық көрегендігі» «дөңгелек» үстелінің ПРЕСС-РЕЛИЗІ

27.11.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «2019 жылғы саяси транзит: Елбасының стратегиялық көрегендігі» «дөңгелек» үстелінің ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өткізу күні: 2019 жылдың 29 қарашасы;

Өткізетін орын: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 1102-шікабинет(мәжіліс-зал);

Өткізетін уақыт: 11:00-12:40;

Ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты,

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімі;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Байланыс телефоны: 74-01-68; 74-12-85; 74-12-83; 74-10-41;74-12-50;

Е-mail:tarih_institut@mail.ru; kuat-8383@mail.ru; a.badiyev@mail.ru;

2019 жылдың 29 қарашасында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «2019 жылғы саяси транзит: Елбасының стратегиялық көрегендігі» дөңгелек үстелін өткізеді.

«Дөңгелек» үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси қызметінің теориясы мен практикасын ғылыми-тарихи пайымдау.

«Дөңгелек» үстелге қатысушылар келесі мәселелерді талқылайды:Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы; жаңа мемлекет моделін негіздеу және іске асыру контекстіндегі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары; президенттік институт – Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізі; Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстандағы мемлекеттік билікті трансформациялау бойынша стратегиялық бастамалары; Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дарынды жастарды қолдау жөніндегі саясаты (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес қызметін үлгі ете отырып).

«Дөңгелек» үстел жұмысына отандық тарихшылар, саясаттанушылар, құқықтанушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері, Нұр-Сұлтан қ. мектептерінің мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысады.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика