Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар диалогының негізі» атты Мектеп жұмыстары конкурсын өткізу туралы Ақпараттық хат

22.11.2019

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар диалогының негізі» атты Мектеп жұмыстары конкурсын өткізу туралы Ақпараттық хат

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобы Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар диалогының негізі» атты Мектеп жұмыстары конкурсының басталғанын хабарлайды.

Ұлы Отан соғысы КСРО аумағына басып кірген нацистік Германия және оның одақтастарына қарсы адамзат өркениетінің одан әрі дамуын айқындайтын әлемдік тарихтың негізгі оқиғаларының бірі болып табылады. Сұрапыл соғыс жылдары КСРО халықтары ел тәуелсіздігін сақтауға жұмыла кірісіп, бостандық, бейбіт даму, өмір сүру құқығын қорғап, кейінгі ұрпаққа жарқын болашақ сыйлады. Қаһарлы жауға қарсы күрескен бүкіл еліміз жаулап алынған халықтар мен шет елдерді бодандықтан құтқарып, әлемдегі фашизмді жеңуге шешуші үлес қосты. Кеңес Одағының көп ұлтты халқы күшті қаруланған зұлым жаумен тіресе шайқасып, теңдессіз батырлық, рухани төзімділік, батылдық пен қайсарлық үлгісін көрсетті. Біздің қасиетті борышымыз - осы ерлікті есте сақтай отырып, оны келесі ұрпаққа лайықты табыстау.

Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтауда «Бессмертный полк» және «Георгиевская лента» атты дәстүрлі акциялардың ықпалы мол. Осындай акциялардың іздестіру жұмыстарына қатысатын оқушылар саны жыл сайын артып келеді.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар диалогының негізі» атты мектеп жұмыстарының конкурсын жариялай отырып, екі елдің тарихшылары оған оқушылар ынта-жігермен, үлкен қызығушылықпен қатысады деп үміттенеді. Конкурс Қазақстан мен Ресейдің жалпы орта білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Жас зерттеушілерге «Абырой мен парыз: Ұлы Отан соғысындағы ерлік істер», «Тыл қаһармандары: «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!», «Ұлы Отан соғысы кезіндегі жастар мен балалардың күнделікті өмірі», «Мәңгілік даңқ»: менің отбасымның тарихы – менің елімнің тарихы», «Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін есте сақтау орындары», «Ұлы Отан соғысы тақырыбы ғылыми және көркем әдебиетте» тақырыптарында қазақ немесе орыс тілдерінде ғылыми баяндама түрінде өзінің авторлық көзқарасын көрсету ұсынылады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталады, ал үздік жұмыстар Ресей мен Қазақстанның ғылыми журналдарында жариялануға ұсынылады.

Байқауға Өтінімдер 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін қабылданады.

Ұсынылған жұмыстарды Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобының конкурстық комиссиясы бағалайды.

Конкурс операторлары Ресей тарапынан Ресей Ғылым академиясының Жалпы тарих институты, Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты болып табылады. Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару қағидалары туралы ақпарат РҒА Жалпы тарих институтының www.igh.ru сайтында және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының www.history-state.kz сайтында орналастырылған.

РҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым академиясы Жалпы тарих институтының директоры, 
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы 

М.А. Липкин
ҚР Білім академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, 
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы 

Б.Ғ. Аяған

Мектеп жұмыстары конкурсының Ережесі


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика