Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер! 04.11.2019

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты бірлесіп 2019 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыруға арналған «Еуразия тарихының мұрасы: көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары: «Архив - 2025» жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларында, сөйлеген сөздерінде көрсетілген отандық тарихтың негізгі оқиғаларын зерделеуді жандандыру, отандық тарихи мұра әлеуетін халықаралық деңгейге шығару.

Пікірталасқа арналған негізгі тақырыптар:

- Архив – 2025, ізденіс–зерттеу жұмыстарының перспективалық бағыттары мен қазіргі заманғы міндеттері.

- Ұлы Даланың Ұлы есімдері – өмірбаяндық энциклопедияны жарыққа шығару.

- Түркі және славян әлемдерінің өзара байланысы - қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихы (Қазақ хандығы мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасы орнауының 500 жылдығына).

Өткізілетін уақыты: 2019 жылғы 20 қараша, сағат 10.00-18.00.

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 1, Назарбаев орталығы.

Конференция жұмысының өткізілуі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығатын болады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Автор мақаланы электронды нұсқада MSOffice 2007 үлгісімен, Times New Roman қарпімен, қаріп өлшемі – 14, жол аралығы – 1, жиектері – 2 см рәсімдейді.

Мақаланың рәсімделуі төменде келтірілген ғылыми стандартқа толық сәйкес болуға тиіс:

- көлемі – 0,5 б.т. кем емес (5-7 компьютерлік беттер);

- бір жол төмен бас әріппен – мақаланың атауы;

- келесі жолда оң жақтан – автордың тегі және инициалдары, жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы жазылады;

- екі аралықтан кейін мақала мәтіні басталады;

- әдебиеттер тізімі 7.1-2003 мемлекет стандартына сәйкес;

- дерек көздеріне сілтеме қолдану ретіне қарай үзіндіден кейін тік жақшаға алынып беріледі (мысалы: [1, 28 б.)].

- мақала мәтіні мұқият тексеріліп түзетілген болуы керек.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамайды.

Іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Конференцияға қатысуға ниет білдірген ғалымдар қатысуға өтінім мен мақаланы 2019 жылдың 20 қарашасына дейін е-mail: maxmudkizi@mail.ru / Kaliev_zhabai@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу керек.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1

Аты-жөні (толығымен)

                                                                                      

2

Мекеменің атауы (толығымен)

 

3

Баяндама (мақала) тақырыбы

 

4

Қызметі (толығымен) Ғылыми дәрежесі

 

5

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

6

Мемлекет, қала

 

7

Байланыс мәліметтері

(мекен-жайы, телефон) E-mail

 

8

Жеке құжат нөмері, берілген күні (рұқсатнама алу үшін)

 

 

Конференция үйлестірушілері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 11-қабат, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты.

Жұмыс тел.: + 7 (7172) 74-01-68, 74-12-85, 74-12-52.

Е-mail: maxmudkizi@mail.ru / 8-775-252-85-27.

Е-mail: Kaliev_zhabai@mail.ru / 8-702-166-10-90.

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті.

 


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика