Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Ынтымақ, бірлік, келісім – Қазақ елі үшін ең асыл бақыт

Ынтымақ, бірлік, келісім – Қазақ елі үшін ең асыл бақыт 08.10.2019

Ынтымақ, бірлік, келісім – Қазақ елі үшін ең асыл бақыт

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін мемлекеттің құрылысына байланысты қоғамдық–саяси өмірде ауқымды өзгерістерді бастағандықтан, еліміз үшін этносаралық мәселе өте өзекті. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп айтылған. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды. ҚХА еліміздегі саяси тұрақтылық, татулық пен этносаралық келісім институтына айналды. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқының дәстүрлері мен діліне негізделген тарихи бастаулар арқылы қалыптасты. Соған сәйкес қазақ халқы Қазақ жерінде мекендейтін барлық этностарды бір халық ретінде топтастырды. Қазақстанның баға жетпес құндылығына этносаралық қана емес, конфессияаралық келісім де жатады. Қазақстанда тұратын 130 этникалық топтарының 60 – тан астамы күштеп жер аудару үдерісіне ұшырағандар. Жер шарының қандай бөлігін қарамасаң да, барлық елдер этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін ұзақ іздеп жүргені анық. Сондықтан Қазақстан Республикасының тәжірибесі жалпы әлемдік және жалпыға бірдей маңызға ие. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылымға негізделген саясаты, саяси ерік – жігері мен көрегендігінің нәтижесі. 

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында әлем тарихында түбегейлі және бұрын – соңды болмаған өзгерістер орын алды. Жаһанданудың үдеуі жағдайында ұлттық – азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың жаңа формаларын іздестіру, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу – басты және өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін егеменді мемлекеттің құрылысына байланысты қоғамдық – саяси өмірде ауқымды өзгерістерді бастағандықтан, еліміз үшін этносаралық мәселе өте өзекті. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп айтылған, яғни, Қазақстан – онда тұратын барша этникалық топтардың Отаны екендігін білдіреді. Конституция қазақ тілін – мемлекеттік тіл мәртебесін мақұлдады (7 – бап), орыс тіліне ресми қолдану тілі мәртебесі берілді [1, 8]. 

Қоғам өміріндегі аса маңызды саяси шаралардың бірі 1995 жылы болды. Ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы еді. Ассамблея құрылған уақыттан бері біздің ортақ шаңырағымыздың берік құрылымының бірі болып табылады. Ассамблея еліміздегі саяси тұрақтылық, татулық пен этносаралық келісім институтына айналды [2, 68–69]. 

Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқының дәстүрлері мен діліне негізделген тарихи бастаулар арқылы қалыптасты. Соған сәйкес қазақ халқы Қазақ жерінде мекендейтін барлық этностарды бір халық ретінде топтастырады. Мәселен, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасында: «Жаңа тарихи кезеңде мемлекетіміз Қазақстанға өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр. Жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы / 106 Вестник СКГУ имени М. Козыбаева. № 3 (44). 2019 парыз тұр» – деп, қазақ халқының тарихи миссиясы айқындалған [3, 13]. 

Қазақстанның баға жетпес құндылығына этносаралық қана емес, конфессияаралық келісім де жатады. Адамзат тарихы куә болғанындай, адамдар қарым – қатынастарының ең күрделі саласы конфессияаралық қатынас болып табылады, сондықтан оны реттеу қиынырақ. 

Қазақтың тарихи ұлттық толеранттылығы өзінің басты сипатымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық толеранттылығы тұйық емес, ашық, қонақжай, адамдарды жақындастырады, яғни адамдарды ажыратпайды. Қарым – қатынасқа дайын екендігін көрсетеді. Бұл қазақтардың жер аударылған халықтарды қалай қарсы алғандығынан айқын көрінеді. Қазақстанда тұратын 130 этникалық топтарының 60–тан астамы күштеп жер аудару үдерісіне ұшырағандар. «Адамзат тарихында депортациялау саяси тұрғыда кеңінен қолданылған. Ал депортацияланған халықтар барлық жағдайда дерлік жергілікті халық тарапынан жат элемент ретінде қабылданады. Қазақстандағы мәжбүрлікпен қоңыс аударылған халықтар қазақ халқының жоғарыда айтылған қасиеттеріне сәйкес шетқақпай көрген жоқ, керісінше, өз орталарына жақын тартылып, екінші Отанын табуына мейлінше оңтайлы жағдай жасады» [2, 18]. 

Көнеден қазақтарда қонақжайлылық дәстүр жақсы сақталғаны белгілі. «Қонақ келсе, құт келер» деп қазақ бекер айтпаған. Абайдың жиырма бесінші қара сөзінде «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы – білгендік» [4, 45]. Сонымен қатар, Абай жағымсыз қылықтың ішінен, әсіресе, немқұрайлылықты бөліп айтқан, өйткені немқұрайлылық бар жерде «құдай жоқ, халық жоқ, істер ісі жоқ, абыройы жоқ». 

Жер шарының қандай бөлігін қарамасаң да, барлық елдер этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін ұзақ іздеп жүргені анық. Сондықтан Қазақстан Республикасының тәжірибесі жалпы әлемдік және жалпыға бірдей маңызға ие. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақсы ойластырылған, ықтиятты, ғылымға негізделген саясаты, саяси ерік – жігері мен көрегендігінің нәтижесі. 

Сонымен, этникалық, діни – конфессиялық алақұлалы әртүрлілік, мәдени тұрғыдағы қоғамда бірліктің негізі болған кезде, өзіндік, теңдесі жоқ этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жасаудың мәні неде. Бұл үлгі адамның болмысының өте қайшылықты факторларының тұтас біріктірілуіне және бірігуіне қол жеткізді. Біріншіден, 130 – дан астам этнос өкілдері өмір сүретін полиэтникалы мемлекет, екіншіден – мемлекет унитарлы болып табылады. Бір жағынан, мемлекет атауы, мемлекет құраушы қазақ ұлтымен анықталады, екіншіден, осы бірлік арқылы әрбір этнос әртүрлілігінде өз мүдделерін іске асыруға мүмкіндік алады. 

Қазақстанның қазіргі тарихындағы маңызды сәт 1980 – 1990 жылдары Қазақстаннан қоныс аударған орыс, неміс және басқа да ұлт өкілдерінің қайтып оралу үдерісі болды. «Қазіргі таңда бұрын Германияға қоңыс аударған немістердің Қазақстанға қайта орала бастаған кері үдерісіне куә болып отырмыз», – деп ГФР Ішкі істер министрлігінің парламенттегі статс – хатшысы, Федералды үкіметтің Қоныс аударушылар мен аз ұлттар жөніндегі өкілі айтып кеткен. Оның деректері бойынша, «2006 жылдың 6 айында Германиядан Қазақстанға 1,5 мың этникалық немістер қайтып оралған. Ал 2001 жылы Қазақстанға Ресейден 200 мыңнан астам орыс халқының өкілдері қайта оралған. 2008 жылы Қазақстанға қайта оралғандардың ішінде орыс халқының үлес салмағы – 12,5% (14,0%), неміс азаматтары – 1,0% (0,9%) құраған [2, 69]. Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер полиэтникалық қоғамда үйлесімділікті қамтамасыз ететін қазақстандық үлгінің бірегейлігін мойындайды және оның тиімділігіне жоғары баға беріп отыр. Қазақстан бүкіл әлемге 130 этнос тұратын мемлекет ұлттық негізде жанжалдарды болдырмайтындығын көрсетті. 

Тәуелсіздік жылдарында этносаралық келісімнің үйлесімді тұжырымдамалық үлгісі қалыптасты. Этносаясаттың әр үлгісінде ережелердің өзіндік жүйесі бар. Ол өзара байланысқан принциптерден тұрады. Адамдардың мінез – құлқын осы ұстанымдар айқындайды. Қазақстандағы қазіргі этносаясат мынадай бес ұстанымға құрылады: 

– Этностық, діни мәдени, тілдік саналуандық байлық болып табылады; 

– Қазақстан этностарының мәдениеті мен тілдерін дамыту үшін мемлекет мақсатты түрде барлық жағдайды жасайды; 

– Ұлттың басты құндылықтары толеранттық пен жауапкершілік болып табылады; 

– Қоғамдағы біріктіруші рөл қазақ халқына тиесілі; 

– Қазақстан халқының бірлігі. 

Осының барлығы жалпыұлттық құндылықтар мен толеранттық принциптер және «әралуандықтағы бірлік» салынған этносаралық және конфессияаралық қатынастардағы қазақстандық ерекшеліктерді құрайды [2, 117]. 

Қазақстан – көпэтносты мемлекет, онда азаматтық қоғам негізінде бір халық қалыптасады. Мұндай мемлекетте халық бірыңғай саяси субъект, бірыңғай саяси қоғамдастық ретінде әрекет етеді. Бұл жағдайда ұлттың азаматтық–құқықтық түсіндірмесі және «Бір халық» деген тұжырымдама сәйкес болып табылады. Бұл ұғымда ұлт – бұл елдің барлық азаматтарының жиынтығы, ол жеке тұлғалар қоғамдастығы, бірыңғай азаматтық бірегейлік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтардан жоғары тұрады. 

Ассамблеяның он үшінші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА дамуындағы жаңа кезеңді нақты айқындап берді. Ол елдің дамуымен логикалық тұрғыда сабақтас еді. «Біздің стратегиялық мақсатымыз – қоғамды одан әрі топтастыру және бірегей қазақстандық, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру. Бұл Шығыс пен Батыс, озық білім, технологиялар мен ғасырлар даналығы, рух бостандығы, ынта–жігер бірлігі тамаша түрде түйісетін ұлт» – деп, атап көрсетті [5, 75]. 

Бұл ретте қазақ ұлты біріктіруші, ал қазақ тілі мемлекеттік болып табылады. Барлық азаматтардың заң аясында бекітілген теңдігі бойынша, олардың ұлттық немесе этникалық ерекшеліктеріне қарамастан бұл шынайылықты мойындайды. 

Жалпыұлттық идея – бұл өзінің этникалық құрамының бірегейлігімен барша қазақстандықтардың идеясы. Ол қоғамда біріктіруші, тұтастырушы рөл атқарады. Өйткені ол бүкіл халықтың мүддесін білдіреді. 

Тарихи түрде Ассамблея өз құндылығын дәлелдеді. Қазақстандық тәжірибені әлемдік қауымдастық зерделеуде, ол ХХІ ғасырдың ұлттық саясаттың өзіндік эталоны болды. Жан – жақты ойластырылған мемлекеттік ұлттық саясаттың арқасында республикамызда жемісті еңбек пен серпінді даму үшін барлық жағдай жасалған. 

Мемлекеттің жан – жақты қызметі этносаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін дамытуға бағытталған, ол барлық этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің тиімді кепілі болды, Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің факторы. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бүкіл қоғаммен қатар белсенді дамып келе жатқан ұйым болып табылады. Әр кезеңде уақыт талабына сай, өзінің басты бағыты – көпэтносты қоғамда этносаралық үйлесімділікті сақтай отырып, өзекті мәселелерді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы / 108 Вестник СКГУ имени М. Козыбаева. № 3 (44). 2019 орындайды. Оның табысты жұмысының кілті дамудың маңызды бағыттарын уақытылы және нақты айқындауға, оларды тиісті мазмұнмен сапалы орындауға негізделген. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында Үкіметке берілген мемлекеттік тіл саясатын әрі қарай жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2006 жылғы 28 қазанда Үкіметтің іс – шаралар жоспарын бекітті және Премьер – министрдің басшылығымен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия құрды. 

Ана тілінде білім алуға азаматтардың құқығын жүзеге асыру мәселесі ҚР «Білім туралы» Заңымен реттелген. Республикада этно – лингвистикалық орталықтар (жексенбілік мектептер) құрылды. ҚХА этнолингвистикалық орталықтары жексенбілік мектептер қызметін ұйымдастыруда этномәдени бірлестіктерге көмек көрсету мақсатында 2005 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен тиісті әдістемелік ұсынымдамалар бекітілді. 

ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарының 2005 – 2006 жылдары кеңсесінде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша осы бағытта жүргізіліп жатқан жүйелі шаралардың нәтижесі ретінде Қазақстанның тілдер саласындағы заңнамасы және оған негізделген тіл саясаты барлық посткеңестік кеңістіктегі ең бейілді тіл ретінде бағаланған. 

2005 жылы қабылданған ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңы этномәдени бірлестіктерге мемлекеттің әлеуметтік маңызды бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар, мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи – мәдени мұраны қорғау және қоғамдық келісімді нығайту сияқты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нақты бағыттары этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайтуда этномәдени бірлестіктерге елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді. 

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын 2006 жылы Президенттің Жарлығымен қабылдау азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі мемлекеттің маңызды қадамы болды. Құжат қазақстандық азаматтық қоғамның институттары ретінде ұлттық – мәдени бірлестіктердің мәртебесін белгіледі. 

Қазақстан азаматтарының саналы азаматтық ниеттестігі мен ортақтастығы, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністік, толеранттылық, адам құқықтары мен бостандықтарына құрмет сезімін қалыптастыру патриоттық тәрбиенің негізіне айналды. 

Бұл нұсқаулар 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006–2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізін құрады. Ассамблеяның рөлі этносаясат саласындағы маңызды институт ретіндегі берік қалыптасқан мемлекеттік құрылымдар мен дамушы азаматтық қоғам субъектілерінің жүйесінде оның мәртебесін арттыруды талап етті. Тиісінше, мәртебені арттыру оған жүктелген міндеттерді барынша тиімді іске асыру үшін осы институтқа қажетті бірдей құралдар жиынтығын беруді болжады. 

2007 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті бірқатар ірі конституциялық түзетулерді қабылдады, олар бүкіл билік өкілдігі тармақтарының рөлін едәуір өзгертті. Конституциялық реформаның жаңғыртылған жаңалықтарының бірі – Парламент Мәжілісіндегі депутаттар санын 107 адамға дейін арттыру, оның 9–ы Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын болды. Бұл қадам, Ассамблеяның рөлі мен саяси маңыздылығын жоғары деңгейге көтерді. Бүгінгі таңда Ассамблея барлық этностардың мүдделерін нығайтып, олардың ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ететін Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементі болып табылады. 2007 жылғы конституциялық өзгерістерге сәйкес, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы атауын алды, бұл мемлекеттік этносаясаттың барлық парадигмасының өзгеруін білдіреді. Өйткені оның негізгі қағидасы Қазақстан этностарының этномәдени қайта өрлеуін қамтамасыз етуге жақындасып, Қазақстанның біртұтас халқының бірлесуін қамтамасыз ету. 

Ассамблея еліміздің жоғарғы заң шығарушы органына 9 депутатын сайлаған толыққанды конституциялық орган болды. Конституциялық жаңалықтарды іске асыру, сондай – ақ мемлекеттік саясатты жүргізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен мәртебесін нығайту мақсатында 2008 жылы ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданып, Ассамблея «елдің саяси жүйесінің субъектісі ретінде» заңды түрде бекіді [2, 80]. 

Арнайы заң Ассамблеяның қызметі мен құрылымын белгілеген нормативтік– құқықтық үйлестіруші, оның бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін қамтамасыз етті. Ассамблея қызметіндегі маңыздысы, оның этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдары жұмысының үйлестірушісі ретіндегі қызметін күшейту болды. Осылайша, этносаясатты дамыту қоғамдық – саяси институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі бекітілді. Ассамблеяның инфрақұрылымын, оның азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік жүйесіне кірігуіне байланысты түбегейлі институционалдық нығайту жүргізілді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Стратегиясында белгіленген жүйелі шараларды іске асырудың негізгі жалғасы Үкіметтің 2006 жылғы маусымда этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдірудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдауы болды. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында сөйлеген сөзінде этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен қалыптасқан бірегейлік дағдарысына реакция болғанын атап өтті. 

2009 – 2010 жылдар этносаясатты одан әрі жетілдірудің жаңа кезеңі болды. Бұл кезеңде этносаралық келісім саясатындағы жаңа форматты құжат болып табылатын Қазақстанның ел бірлігі доктринасы талқыланып, қабылданды. 2011 жылғы 25 мамырда Доктринаның ережелерін іске асыру мақсатында 2014 жылға дейін толықтырулармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар қаулылары қабылданды. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүрлер. Ашықтық. Төзімділік» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «...толеранттылық Қазақстанның табысты және сенімді дамуының маңызды факторына айналды. Бұл қағидаттар еліміздің сыртқы және ішкі саясатының рухын көрсетеді», – деп ерекше атап өтті. 

Қазақстан Республикасының «2020 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму Тұжырымдамасында» этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу жөніндегі ҚХА қызметінің басымдықтары айқындалған. Оның басты бағыттарының бірі – ұлттық бірлікті қалыптастыру саласында жұмыс жүргізу. Бұл басымдық мынаған негізделеді: тәуелсіздікті нығайтуға, мемлекеттілікті орнықтыруға; Қазақстан азаматтарының тағдырластығына негізделген ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға; Жаңа қазақстандық патриотизмді, ұлттық – мемлекеттік сәйкестікті және ұлттық бірлікті нығайтуға; Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге және оның қоғамдық маңыздылығын арттыруға, сондай – ақ Қазақстан этностары тілдерінің одан әрі дамуына [2, 158]. 

Жеке бағыт Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын нығайтуға арналған. Ол азаматтық сектордың біріктіруші алаңына айналуы тиіс. Мемлекеттік этносаясатты әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі оның мақсаты, міндеттері сапалы жаңа деңгейге көтерілуде. Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері, оның ақпараттық және ғылыми – талдау қызметі едәуір нығайтылуда. «Қазақстандық жетістіктің құпиясы неде? Бастапқы себеп – терең тарихи тамыр, қазақ халқына тән толеранттылық және қонақжайлылық» [6, 158].

2013 жылы Ассамблея кезекті және қоғам үшін аса маңызды «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасын ұсынды. Аталған жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан этностары арасындағы келісім, бірлік және достық қағидатын іске асыру, оның рухани және мәдени әралуандылығын дамыту. Жобаның басты міндеті бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ұйымдастыру бойынша оң жұмыс тәжірибесін насихаттау болып табылады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдан астам бойы еліміздің әрбір аймағында гүлдену бағытында жұмыс істейді. Жыл сайын бұл жалпы азаматтық институт еліміздің қоғамдық – саяси өміріндегі өз позицияларын нығайта түсуде. Бүгінде Ассамблея Қазақстан этностары арасында қоғамдық келісімді, тұрақтылықты, бірлік пен достықты сақтай отырып, этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты табысты іске асырудың жетекші тетіктерінің бірі болып отыр. 

Осылайша, Қазақстанда уақыт сынынан өткен этносаралық және дінаралық келісім үлгісі құрылды. Еліміздің әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттестігі тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестер, соның ішінде БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ зерделеуде. 

Бүгінгі әлемдік ахуалды да мамыражай деп айтуға болмас. Бізге мұның да әсер – ықпалы бар. Ұлттың түпкілікті мүдделерін жүзеге асыру үшін даналыққа, табандылыққа және биік мұраттарға негізделген басшылық қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Дегенмен, қалай да мемлекеттік құрылыс мәселесі тек қана бюрократияның құзырындағы шаруа деп есептеу оңайдың оңайы. Алайда бұл жолмен ешқашанда нақтылы азаттыққа қол жеткен емес. Бұл қашанда ұлттың, жалпыұлттық қарымның ісі болып отырған. Бүгінгі таңда, ұлттық тұтастымызға тұғыр болатын азат мемлекеттігіміздің құрылысын беріктей түсуден мәнді мақсат та, міндет те жоқ» – деп, баса айтқан [7, 59]. 

Қорытындылай келе, Қазақстан халқы Ассамблеясы басты ұстаным ретінде қазақ халқының «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт Ел үшін» деген қағидасын берік ұстап отырғанын көреміз. Халықаралық аренада Қазақстан бейбітшіліктің бесігі, мәдениеттер мен діндер диалогына арналған алаң ретінде қабылданады. 

Ж.Н. Қалиев,

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Ә.Б. Мергенбаев,

Нұр–Сұлтан қаласының № 176 мектеп – гимназиясы

Әдебиет: 

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2002. – 36 б. 

2. Е.Л. Тоғжанов, Г.В. Кан, Н.П. Калашникова, В.С. Коробков, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан халқы Ассамблеясы: жиырма жылдық тарих. – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2015. – 342 б. 

3. Қазақстанның ел бірлігі доктринасы // http://inform.kz/kaz/article/2263392

4. Абай. Қара сөздері. – Алматы: «Өнер», 2006. – 124 б. 

5. Н.Ә. Назарбаев: бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы / Е.Л. Тоғжанов, Ә.Ә. Әбдәкімов, Н.П. Калашникова және басқалар. – Астана: «Ақарман – медиа», 2010. – 258 б. 

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Ел тарихында / Е.Л. Тоғжановтың жалпы редакциясында. – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2015. – 266 б. 

7. Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 2003. – 288 б.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы / Вестник СКГУ имени М. Козыбаева. № 3 (44). 2019


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика