Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 06.09.2019

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында ғылым саласындағы ахуалға ерекше назар аударуды талап еткен болатын. Осы орайда Отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді? Қандай жаңа міндеттер жүктеліп отыр? Ғылыми зерттеулердің деңгейі қандай? Не істелді?
Міне, осы мәселелер төңірегінде көптеген сауалдардың туындауына байланысты Мемлекет тарихы институында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өткізілді.

Бұл басқосудың мақсаты Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуы жолдарын талқылау, сондай-ақ Институттың ғылыми-зерттеу жұмысы саласындағы жұмысына жаңа серпіліс беру мәселелерін қарастыру болды.

Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяған өз сөзінде «Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған нақты тапсырмалардың бірі ғылыми жұмыстар нәтижелі болуы керек. Бұл –біздің ғылыми жұмыстар әлемге шығару жағынан, тәжірибеде қолдану тұрғысынан жүзеге асырылуы керек деген сөз» –деді.
Дөңгелек үстел жиынында негізгі баяндаманы Ғалым хатшы, тарих ғылымдарының кандидаты Анар Ғабдуллина жасады.
Баяндамада 2011 жылы «Ғылым туралы» ҚРЗ-ның қабылданғаннан кейін ғылым саласында ауқымды реформалар жүргізілгендігі, ғылымды басқарудың жаңа ұлттық жүйесі құрылғандығы, ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың – базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсатты түрлері енгізілгендігі туралы айтты.
Ғалым хатшы Институт ғалымдарының ғылыми мақалаларды, ғылыми зерттеулер жұмысын шетелдік журналдарға жариялаудағы ғылыми белсенділігіне, әлемде қабылданған ғылыми өлшемдік көрсеткіштеріне (наукометрия) сараптамалық қорытынды жасады.
Дөңгелек үстел жұмысы нәтижесінде Институт ғалымдары мақалаларын ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдарда жариялауды, ағылшын тілін оқуды жалғастыруды, әріптестеріне сілтеме жасау керек деген бірқатар ұсыныстар жасады. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта ғылымды дамыту барысында ескерілетін болады.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика