Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «САҚҚҰЛАҚ МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМЫН ІСКЕ АСЫРУ ХАҺЫНДА. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ КЕЗЕҢІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «САҚҚҰЛАҚ МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМЫН ІСКЕ АСЫРУ ХАҺЫНДА. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ КЕЗЕҢІ 05.09.2019

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «САҚҚҰЛАҚ МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМЫН ІСКЕ АСЫРУ ХАҺЫНДА. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ КЕЗЕҢІ

Қазіргі жаһандану үрдістері аясын екі жағынан қарастыруға болады. Біріншісі, адами құндылықтарға қарсы жасалатын келеңсіздіктерге негізделген (адами дәстүрден тыс) өзгерістерге қатысты. Екіншісі, адамзаттың эволюциялық дамуымен орайлас жасалынатын түрлі ғылыми-технологиялық өзгерістерді адамның пайдасына бейімдей, оны тиімді қолдану. Осы аталған екінші бағытпен жүрген елдер мұратқа жететіні айқын. Мұны Қазақстанның соңғы ширек ғасырлық тарихы дәйектеп отыр. Жаһандану аясында кез келген кедергілер мен қауіп, сын-қатер аясынан даму мүмкіндіктерін таба білу - басты шарт болып отыр.

Заманауи кезеңдегі Қазақстандық дамудың «Назарбаев моделі» - әлем жұртшылығы, тиімді ойластырылған мақсатты міндеттерге шиеленіссіз жету тәсілі, қазақстандықтардың басты жетістігінің мәні ретінде көрініс тапқан. Яғни болжампаздық модельі тұрғысында танып отыр. Расында, кезінде Д. Эйзенхаур пайым жасағандай Қазақстан «жоспарға емес, жоспарлауға» мән беріп келеді. Тәуелсіздіктің сындарлы жылдарында алға қойған мақсаттар мен оған жету жолдарына қатысты ішінара өзгерістер енгізе, даму басымдылықтарын белгілеп келеді.

Ширек ғасырлық даму әртүрлі даму бағыттарының тепе-теңдігін сақтау және оны ұстау жағдайында іске асқаны мәлім. Әсіресе қоғам және оның құрылымын реформалау аралығын, сол сияқты сыртқы саяси бағыттар ара-қатынасын (ТМД, батыс және шығыс) және ішкі саясатты дамытуда да (қаталдық пен заңның үстемдігі мен либерализм арасын), экономика саласында (шикізат өндіруді арттыру мен дамуды әртараптандырудың арасын), діни нанымдар аралығын (ислам мен христиан және т.б.), тілдік орта аралықтарын тепе-тең ұстау принциптері арқылы жүзеге асырылды. Осылайша, Қазақстан уақыт сынынан өтіп келеді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға жол ашылды.
Әрине мұның барлығы Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атап өткендей, Елбасының басшылығымен халықтың біртұтас бірлігі және олардың жасампаздығы нәтижесінде мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан орнықты мемлекетті одан әрі дамыту сабақтастығын Қазақстанның өркендеуінің негізін, Қоғамдық келісіммен байланыстырды.

«САҚҚҰЛАҚ МЕМЛЕКЕТ» НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ НЫҒАЙТУ
Расында, ел дамуының сапалы кезеңіне аяқ бастық. Заманауи кезеңде жан-жақты тиімді мемлекеттің жасау – Президент, Парламент және Үкіметтің таза да үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесіне тиесілі. Ең бастысы, қоғамдық-саяси өмір тіршілігін жандандырады. Саяси жүйені ел мүддесіне бағыттау тиімді шешім. ХХ ғасыр басында алып та адуынды жазушылардың бірі Би-аға былайша жырлаған еді: «Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой! Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой! Қолды созып, бойды жазып жүргізбей, Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой». Бұл оқиға өткен ғасырдың басы болатын. Аталарымыз күресті, талпынды, армандады. Ақырында үміт ақталды. Мың тағзым!
ХХI ғасырдың басы, бүгінгі күні - тәуелділік тұсауынан босаған, қолды да, бойды да, ең қызығы өз әлеуетіңді де пайдалана алатындай ғажап мүмкіндіктер бар. Алайда, әлі сол «мұқтаждық» әңгімесі тиылар емес. -Неге? Айта кету керек, қазіргі мұқтаждықтың әлеуеті де, ауқымы да мүлдем бөлек. Осы сұрақ әркімді мазалайтыны айқын. Бұның білімді де білікті тұрғындары бар қоғамға, сын екені жасырын емес. Таяқтың ұшы билік жүйесіне де, қоғамдағы қауымға да тиіп тұр. Мәселе неде? Осы сұрақтың бір жауабын биылғы Мемлекет басшысының Жолдауы жауап берді деп ойлаймыз.
Ол - мемлекеттің тұрақтылығының тірегі: «Күшті Президент – ықпалды Парламент, есеп беруге міндетті Үкімет».
Көкірегі ояу, санасы ашық, құлағы түрік тұлға ғана - Үлкен жауапкершілік иесі бола алатыны мәлім. Әлбетте, тұрғындар арасындағы «ауруы жоқ мүгедектер» мен мұқтаж ел азаматтарының мәселесінің алғышарттары, қалыптасуы, етек алуы көз алдымызда өтіп отыр. Ендеше қауым жұртты жұмылдыратын адамға «жусаннан төмен, бетегеден биік» болу талап етілетіні айқын. Ең алдымен бізді жасампаздықпен құрған жаңа мемлекеттігіміздің тұғыры мазалайтыны заңды. Ендеше, Мемлекет басшысының «Саққұлақ мемлекет» тұжырымының астары осында жатса керек. Мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыратын білімді әрі көп тіл меңгерген жан емес. Заман басқаша талап қойып отыр. Болашақ қатарды толықтыратын жас мамандар - өмірді көрген, халықтың ортасында піскен, жаны жайсаң, түрлі теріс келеңсіздіктерден ада жандар болса құба-құп. Осындай мамандар стратегиялық даму сабақтастығы мен азаматтық қоғамды нығайтуға қол ұшын бере алады. Сонда ғана қоғамдық-саяси өмірді жаңғырту мақсатында әрбір қазақстандықтың ашық әрі әділ және заңға сай адал қызмет ету бағыттары айқындалары хаһ.
Жаһандық ауқымдағы өзгерістер «кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдыру» әрбір адамның және жеке мемлекеттердің өз қолында екенін дәйектеуде. Басты мақсатымыз -әлеуметтік жаңғырулар арқылы кезең-кезеңімен дәстүрлі даму салаларына серпін беру және индустрияның өңдеуші секторын қалыптастыру арқылы, ғылымға негізделген тұрақты дамуға қол жеткізу.
Алайда, бүгінгі әлеуметтік төңкеріс дәуіріндегі әрбір тұрғынның қарым-қабілеті, түсінігі мен танымы қоғамның даму әлеуетіне әсерін тигізетіні айқын. Қандай да бір өзгерістер адами құндылықтар мен мүмкіндіктерді барынша ескергенде ғана тиімді болып табылады. Ірі жаңа технологиялық жобалардың нәтижелері, тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер етеді. Жаңарған елдің, жаңғырған әлеуетті ұрпағы өсіп жетіледі.



ҚР БҒМ Ғылым комитеті
Мемлекет тарихы институтының
жетекші ғылыми қызметкері,
тарих ғылымдарының кандидаты
Құндызай ЕРІМБЕТОВА


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика