Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Ақмола облысының Mемлекеттік мұрағатына ғылыми іссапар

Ақмола облысының Mемлекеттік мұрағатына ғылыми іссапар 06.08.2019

Ақмола облысының Mемлекеттік мұрағатына ғылыми іссапар

2019 жылдың 24-28 маусымы аралығында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері С. А. Бағдатова Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатына ғылыми іс-сапармен барып қайтты.
Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты Көкшетау қаласында орналасқан.

Ағымдағы іргелі жобаның тақырыбына сәйкес, ғылыми іс-сапардың көрсетілген кезеңінде 1290 - Ақмола облысы әкімінің аппараты (1992-1995; 1995-2006 жж.) мұрағаттық материалдары зерттелді, оған келесі құжаттар кіреді: облыс әкімі аппаратының аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай туралы ақпараты (мәліметтер, ақпараттар, саяси партиялармен, қозғалыстармен және діни конфессиялармен өзара іс-қимыл жөніндегі анықтамалар. Осы қорда сондай-ақ Қазақстан халықтары Ассамблеясы сессияларының облыстағы жұмысы туралы келесі құжаттар (ақпарат, сөз сөйлеу, өтініштер) жинақталған: ақпарат, үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тізімдері, сипаттамалары, үкіметтік емес ұйымдардың облыстық конференциялары делегаттарының сөз сөйлеуі; әкімшіліктің жастар проблемалары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 1994 жылғы жұмысы, жастар саясатын жүзеге асыру, 1998-2005 жылдар кезеңінде жастар ұйымдарының қызметі туралы құжаттары.

Қазіргі Қазақстанның саяси партияларының пайда болуы мен қызметі туралы қызықты мәліметтер 1296 - Қазақстанның Халық бірлігі партиясының Ақмола облыстық комитеті (1992-1999 жж.) құжаттарында қамтылған, осы қордың бірқатар материалдары мен құжаттары өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының қоғамдық-саяси жағдайын сипаттап қана қоймай, сонымен қатар Аймақтық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қалыптасуы мен қызметінің кезеңдерін қайта құруға мүмкіндік береді. 1055 - Ақмола облыстық ұлттық мәдениет және демалыс қызметі орталығы, Ақмола қ. (1994 ж.) қоры бірқатар құқықтық құжаттарды, сондай-ақ орталық қызметінің негізгі бағыттарын сипаттайтын материалдарды қамтиды.

Жалпы, Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында 30-дан астам іс зерделеніп, құжаттар Мемлекет тарихы институтының мұрағатына тапсырылды. Олардың жалпы көлемі 300-ге жуық бетті құрайды.

Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика