Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Ұлы Даланың біртуар тұлғалары

Ұлы Даланың біртуар тұлғалары 13.06.2019

Ұлы Даланың біртуар тұлғалары

2019 жылдың 13 маусымында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және Этнология институты бірлесе ұйымдастырған «Ұлы Даланың біртуар тұлғалары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен магистранттары және қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры т.ғ.д. профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған жиынды ашып, қонақтарды институт ғалымдарымен таныстырды. Сонымен бірге, 12-маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде жария еткен негізгі 10міндетінің бірі - рухани жаңғыруға бағытталғанын айтты. Осы міндетті орындауда институт ғалымдарының атқарып отырған жұмыстарына тоқталып өтті.


Жиын барысында сөз сөйлеген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ф.ғ.д., профессор Дихан Қамзабекұлы «Ұлы Дала тұлғалары» серияларын жасау екі ірі институттың, бірі –Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, екіншісі – Мемлекет тарихы институты құзырында тұрғанына тоқталып өтті. Бұл тақырыптағы ғылыми ізденістер гуманитарлық білімге темірқазық болып отырғанын айта келіп, атқарылған істер негізінде тарихи тұлғаларымызға қала, көше атаулары беріліп, халық арасында құрметке ие болуда деп атап көрсетті.


Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алтын Слямқайдарқызы Уалтаева «Деятельность Института по созданию учебно-образовательного парка – энциклопедии «Великие имена Великой Степи» баяндамасын оқып, таныстырды. «Бұл аталған оқу-танымдық парк халқымыздың мақтанышы болуға тиісті, сондықтан сіздер ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар»- деп аяқтады сөзін.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы т.ғ.д.,профессор Задаш Оразғалиқызы Дүкенбаева ойын ортаға сала отырып, ұлы тұлғалар қатарына А.Машанов есімі енгізілсін деген ұсынысын білдірді.


Нұр-Сұлтан қаласындағы №38мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Боранбай Науанұлы Мәженов мектеп бағдарламасында тарих пәніне берілетін сағат санынын азайтылғанына тоқтала келе, бұл қолға алған «Ұлы Дала тұлғалары» атты ауқымды іс-шараның мектеп оқушыларына берері мол болатындығын айтты.


Жиын барысында Мемлекет тарихы институтының ғалымдары – А.Н.Қашқымбаев, Ж.И.Қуанышев, Ғ.М.Қарасаев, С.Ж.Дүйсен ойларын ортаға сала келе, ұлт ретінде ұлыларымызды алдымен өзіміз мойындап және ұлықтауымыз қажет деп қорытындылады.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика