Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Эксперименттер елі

Эксперименттер елі 03.06.2019

Эксперименттер елі

Шын мəнінде 1922 жылы құрылған Совет Одағының бүкіл тарихы аңыздандырылған. Тарихшы ретінде мемлекет тарихындағы бірде-бір бұрмаланбаған оқиғаны таба алмадым

Мысалы, азамат соғысы жұмысшылар мен шаруалардың «жауыз» буржуазияға қарсы əділетті соғыс ретінде, индустрияландыру жəне ұжымдастыру кезеңдерінің жүргізілуі – тап жаулары – кулактармен күрестегі советтік ұжымдық құрылыстың жеңісі ретінде үнемі жəне біржақты жеткізіліп отырды.

Бірақ аштық жəне миллиондаған адамдардың өлімі, жалпы колхоз құрылысының қабілетсіздігі мен тиімсіздігі, 1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргін ауызға алынбады. Украинада ұжымдастыру жылдары (1928- 1933), 6 млн жуық адам өлді, ал Қазақстанда 3 млн.-нан аса. Тіпті, құрбандарды «ақтау» («Хрущев жылымығы») дегеннің өзі, партия функционерлерінің жеке категориясы мен өздері сол тəртіпті жасаған жəне тірегі болған белгілі М. Тухачевский, С. Косиор, Я. Рудзутак сияқты əскери қолбасшыларға ғана тиесілі болды. Үндемеу саясатының салдарынан көптеген батыстың тарихшылары, журналистері, социологтары большевизмнің миллиондаған құрбандарынан хабары болмай, Совет өкіметінің жетістіктеріне тоқталатын (А.Жид, Г.Уэльс, Б.Шоу жəне басқа) қызықты құбылысқа əкелді.

Ұжымдастыру үшін жасалған демонстрация. 1930-жылдар

Есте қалатыны, қуғын-сүргіннің диірменіне түспей қалған совет элитасы, кешегі табынған пұттары мен көшбасшыларынан оңай бас тартты. Мысалы, 1956 жылы Иосиф Сталиннің «жеке басына табынуды» əшкерлегеннен кейін сол номенклатура 1964 жылы Н. Хрущевтың «волютаризмін» бетіне басты. Н. Хрущев қызметін айыптағаннан кейін Л.Брежневты мадақтаған кезең келді. Өзінің кезегінде Л. Брежнев билік құрған уақытты М.Горбачев тұсында «тоқырау кезеңі» ретінде масқараланды. Бірақ қызық нəрсе қалыптасты. ХХ ғасырдың 30-ншы жылдарынан бастап большевизмнің өзімен бірге алып жүрген (мемлекеттің құлдырауы, азаматтарды жаппай жазалау, шіркеу, мешіт, синагогаларды жою), сол қиратушы күшпен бірге елдің барлық аймақтарында мектеп, университеттер ашылып, жолдар мен гидроэлектрстансалары салынады. Сол сияқты ұлыдержавалық белгілер қалпына келтіріліп, алдыңғы дəстүрлер қайтарылды. Кең тараған бауырластық, əлеуметтік əділеттілік ұраны адамдар жүрегінен орын алды.

Заң бойынша ССРО азаматтары тең құқықты. Советтік билікке шалғайдағылардың сүйіспеншілігін оятқан, ұлттық республикалар мен автономиялардың пайда болуы. Жаппай насихат советтік өмір салттың басымдығы, совет азаматтарының жанын жадыратады, олардың болашаққа сенімін арттырады. Шалғайдан жігіттер мен қыздар ССРО астанасы – Мəскеуден, елдің ірі қалаларында білім алуға нақты мүмкіндіктері болды, ал қажетті минималды білім алғандар өздерінің пролетариаттан шыққандығын мəлімдеп, əлеуметтік басқышпен екпіндей жоғары жылжиды. Жан-жақты пайдаланатын «социализм» термині, біздің ойымызша оның классикалық мазмұнына сəйкес келмейтін.

ССРО-да 1930 жылға қарай барлығы ортақтастырылған, мемлекеттік «номенклатуралық капитализм» құрылды, сол сияқты бюрократтардың аз ғана тобының қолына шоғырланған: жер, кен, оның байлығы, басқару, тіпті совет азаматтарының өмірі мен денсаулығы. «Советтік социализм» жетістіктері өмір көрсеткендей, технологиялық жарылыстың емес, көпшілігінде қарапайым совет азаматтарының ауыр еңбегінің нəтижесі болатын. Сталиндік басшылардың 1937 жылы ССРО-да социалистік құрылыс орнады дегенді бекітуі құрғақ пікірге айналды. Айта кету керек, айтылып өткен технологиялық жарылысты кейбір біріктірушілер, оны жеке билік тəртібін нығайтуға жəне Сталинге табынуды ұлықтауға белсенді түрде пайдаланылды. Тұрғындарға əсер ететін ақпараттық каналдарды кеңейту жəне жетілдіру туралы болып отыр. Радио, телеграф, пошта қысқа мерзімде ССРО-ның бүкіл аумағын партиялық насихатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Большевиктер мүшелерінің өздерінің күштеріне сенімділігі мақсаткерлігі, тегеуріні, одан соң 1918 жылы Коммунистік партия (РК(б)П), 1936 жылы Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы, ал 1962 жылы Совет Одағының Коммунистік партиясы болып қайта құрылуы, миллиондаған адамдар үшін тартымды күшке айналады. Əсіресе неміс фашистері агрессиясына тойтарыс беру жылдары большевиктердің (коммунистердің) беделі өсті. Екінші Дүниежүзі соғысын айта отырып, советтік насихатшылар сол соғыстағы совет халқының шеккен сұмдық шығындарын жасырды.

Мысалы, советтік партиялық машина қирағаннан кейін гитлерлік Германияның шабуылы басталған уақытта Совет мемлекеті көшбасшыларының дайындалмағаны жəне сорақы жауапсыздығы, əскери тұтқындардың ауыр тағдыры туралы көпшілікке белгілі болды.

Ресми мəлімет бойынша 1941 жылдың маусым-қараша айларында 3,9 млн. совет азаматтары тұтқынға түскен. Кеңес Одағы уақытында «Əскери тұтқындарды ұстау туралы» Женева конвенциясына (27 шілде 1929 жылы) қол қоймағандықтан, Совет Одағы миллиондаған өздерінің азаматтарын азап шектіртуге мəжбүр етті. Оған қоса, фашистік лагерлерден қашып шыққан Франциядағы, Италиядағы, Югославиядағы Қарсыласу қозғалысының мүшелері тарихи Отанына қайтып келгенде тағы да қуғын-сүргінге ұшырады.

Германияны жеңгеннен кейін Совет өкіметі отандастары оралған жағдайда қолдау жəне көмек көрсететіндіктері жөнінде өтірік уəде берді, бірақ қайта оралғандар түрмеде бейтарап ұсталынып, ССРО тарағанға дейін құқылары шектелді жəне арнайы қызметтің бақылауында болды. Əскери тұтқын Əйткеш Толғанбаевтың тағдыры осыған мысал болады. Мысалға, Батыс елдері тұтқында болған отандастарымызға анағұрлым өркениетті қарым-қатынас жасады. Қажетті процедуралардан кейін бұрынғы бейтарап ұсталғандар күнделікті өмірге оралды, көпшілігі арнайы марапатқа ие болды, онысы – «Тірі қалғаны үшін» төсбелгісі.

 

Советтік əскер тұтқындарын тасымалдау. 1941 ж.

Астанадан қашық емес, Ақмол (бұрынғы Малиновка) ауылында бір кездері совет əйелдерінің ірі лагері орналасқан. Ол Отанын сатқандардың əйелдерінің Ақмола лагері деген атауы болатын (АЛЖИР). Мінекей, осы сұмдық лагерде отырған əйелдердің тек фамилиясы тізілген тізімнің өзі кең ауқымды алып жатыр. Əйел- анаға түрме қабырғасында тек бір-екі күн болғанның өзі нені білдіреді? Елестету қиын, анығы – бұл адам атаулыға жасалған сұмдық қорлық.

Лагерлерде мұндай жазықсыз зарыққан, миллиондаған құрбан болды. Николо Верт өзінің «Совет мемлекеті тарихы» еңбегінде былайша жазады: «ақыр аяғында, қырық жылдық таластан соң, 1930 жылдардың соңында тұтқындар саны 3,5-нан 9-10 млн. адам санымен анықталады» . Бұл сандар сұмдық жəне оны қарапайым адамның елестетуі де мүмкін емес. Оның қасіреті сонда, қазіргі күнге дейін, адамгершіліксіз жəне əділетсіз сотталған, көптеген мыңдаған қуғын-сүргінге түскендердің есімдері белгісіз. Большевиктік номенклатураның іс-қимылынан тұрғындардың барлық бөлігі жапа шекті, бірақ ең қорғансызы қарапайым азаматтар болатын. Соның жарқын бір мысалы, үш көрнекті қазақ интеллектуалдарының тамаша əйел- музасы – Фатима Ғабитованың өмірі. Артық айтқандық болмас, оның бүкіл өмірі совет билігі арнайы органдарының бақылауының астында өтті. Айдалған, айыпталған жəне өзінің жары күнəсіз «халық жауы» болып жарияланғаны үшін жеккөрінішті болуы жəне үй-күйсіз қалған қорғансыз нəзік əйел бес баласымен, қуғындалудың барлық ауыртпалығын көтерді.

 

АЛЖИР тұтқындарының тізімі. Ақмол селосы

Бірақ ол берілген жоқ жəне əділетсіздік пен қуғындауға қарсы өзінше күресті. Жеке басқа табыну айыпталу кезеңінде Фатима Габитова былайша жазады: «бойжеткен кезде (революцияның алғашқы жылдары), Совет Одағы қысымын көтере алмай, туған өлкемізді тастауға мəжбүр болдық. 16 жасымда тұрмысқа шықтым. Менің жарым, қазақ халқының ақылды, қайратты, күшті жəне құрметтейтін ағартушысы болған. Совет үкіметі ұлтшыл ретінде одан күдіктенгендіктен жазықсыз өмірін қиды.

Мен жалғыз, өз қайғыммен бірге, қолымдағы екі жетімекпен қалдым. Екінші рет тұрмысқа шықтым. Оның     да ешқандай жазығы жоқ еді, НКВД аямады. Ол өнерлі, өзіне ешкім шақ келмейтін ақын еді. Мен енді бес баламен қалдым. Бүкіл мүлкімді тартып алды, өзімді жер аударды. Кейде жұмыс табудың сəті түссе, ал көбіне жұмыссыз босып, күнкөріс үшін тентіреп кетуге тура келді...

Балалар орта мектепті өте жақсы бітірді, бірақ бұл олардың қалаған жоғары оқу орындарына түсуіне көмектескен жоқ. Амалсыздан түскен жоғары оқу орындарын өте жақсы аяқтағанмен, олардың аспирантураға түсуге құқысы болмады. Егер жұмыс істеуге мүмкіндік болса, оларды алыс түкпірге жіберді. Теңдік қайда? Еркіндік қайда?

Ешкім жауап бере алмайды!

Совет Одағына мен не істедім, менің кінəм неде?»[1]

Расында, оның қандай кінəсі бар? Өзге де адамдардың кінəсі неде?

Леонид Млечин өзінің «Нарком Ворошилов» кітабында Совет өкіметі басшыларының адамгершіліктен жұрдайлығын ашық сипаттайтын оқиғаны келтіреді. «Молотов зейнетке шыққанда оған сұрақ қойылған екен: «– Неге қуғын-сүргін əйелдер мен балаларды да қамтыды?» «Неге дегенді қалай түсінуге болады?» – деп таңғала бұрынғы үкімет басшысы былайша жауап беріпті: «– Олар қандай да бір шамада оқшаулануы тиіс. Əйтпесе олар кез-келген шағымдарды жəне белгілі дəрежеде азғындықты таратушылар болатын еді»[2]. И. Сталинның серіктестері үшін құқық нормасы да, ар-ұят сезімі мен аяушылық деген болған емес. Миллиондаған күнəсі жоқ қуғын-сүргінге түскендерді айтпағанның өзінде, қуғындауға ұшырағандардың туғандарының, əйелдерінің, ағайындарының, балаларының, апаларының тағдыры, оларды ойландырған емес. Бұл жерде қандай əділдік жəне мемлекеттік құрылыстың болашағы туралы айтуға болады?! Мəдениеттің гүлденуі жəне тілдерді қолдау туралы айта отырып, ұлттық тілдегі бала бақша мен мектептерді жабу, оларды даму мүмкіндігінен айыру болатын.

Ар-намыс еркіндігі туралы айтады да, елдегі орны бар бүкіл дінді жаппай қудалау. Ежелгі діндер – ислам, христиан, иудаизмнен бас тарта, бірақ олардың көптеген нышандарын қабылдай, большевизм діни фетиш рөліне, өзінің ілімін қойды. Оған қоса, ленинизм ілімінің өзі пұтқа табынуға айналды, осылайша ол əлемдегі бүкіл дінді «алмастырды». Большевизм көсемдері бүкіл əлемнің көз алдында құдайды өздерімен теңестірді. Елдің барлық бұрышындағы бұзылған шіркеулер мен мешіттердің орнына, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ тəрізді революция көсемдері мен пайғамбарларына жəне олардың серіктестеріне арналған бірдей жəне сұр түсті ескерткіштер қаптады. К. Маркс, Ф. Энгельс жəне В. Ленин жоғарғы құдірет, ал оның шəкірттері Саяси бюро мүшелері тəңір рөліне енді.

Сөз жүзінде мемлекетті жою қажеттігін айтқанмен, большевизм көсемдері мемлекеттік институттарды жоғарыға көтерді. Мемлекеттің советтік типі – көптеген аппараттары жəне барлық жерге кіруге құзыретті ізге түсу қызметтерімен, жалпылама қамтитын органға айналды. Марксизм-ленинизм идеясы қандай елге енгізілсе де, Азия, Еуропа немесе Америка, Қытайда, Корея, Куба, Анголада болсын, «советтік социализм» деспоттық жəне бюрократтық мемлекет құрды.

Мұндай «социализмнің» шарықтау шегі, ХХ ғасырдың 70-нші жылдары жаңа құрылыс құру жолындағы қысқа мерзімде, 3 млн. аса адам қырылған, Кампучия болды. Əлеуметтік өмір саласында да жақсы жағдай қалыптасқан жоқ. Езіп-жаншуды жою қажеттігін жариялай келе большевиктер жұмысшыларды пайдаланудың тетігін ашқан, Маркстің қосымша құн туралы тезисін негізге алды. Шын мəнінде қанау, бірқатар ғалымдар пікірінше экономикалық категория емес, қанау – адамгершілік тəртібінің іс-қимылы. Біз көріп отырғандай, большевизм адамды адамның қанауын жойып қана қойған жоқ, одан əрі «советтік социализмде (барлық социалистік лагерде деп есептеңіз) жұмысшы қолымен жəне совет адамдарының интеллектісімен жасалған қосымша құнды, құнды иеленген, мемлекеттік аппараттың өзі басты қанаушы рөлінде қалды. CСРО-ның бүкіл кеңістігіндегі əлеуметтік саясаттың көрінісі ретінде, бір-біріне ұқсас ортақ үлгідегі қалалар, кенттер мен селолар саны өсті. «Социалистік» мемлекеттің казармалық сипаты ғимараттардың құрылысынан да жарқын көрініс тапты. Мысалы, кеңес адамы үшін «Ирония судьбы или с легким паром» кино фильмінің кейіпкері мас күйінде бір қаладан екінші қалаға ұшып келіп, дəл сондай үйге кіреді, тіпті есікті өзінің кілтімен ашқаны түсінікті де күлкілі болатын. Үйлердің бір типті сұр түсі басқа да Болгария, ГДР жəне басқа да социалистік бағыттағы елдердің қалаларына ортақ сипат болатын, бір қалыпты ұстау жəне кертартпалық «социалистік» бағыттың ерекше белгісіне айналды.


[1]Ғабитова Ф. Өртеңде өнген гүл. Өлеңдер, проза, естеліктер, күнделіктер, хаттар, пікірлер, ойлар... Алматы: Атамұра, 1998.-272 бет–Б. 146. Перевод К.Саманбекова.

[2]Млечин Л. Нарком Ворошилов. С-Петербург, 2015. – 320 с.

Бүркітбай АЯҒАН, 

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика