Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

«Советтік социализмнің» мəні жəне мазмұны

«Советтік социализмнің» мəні жəне мазмұны 31.05.2019

«Советтік социализмнің» мəні жəне мазмұны

В. Лениннің өлімі биліктің сипатын біршама өзгертті. В. Лениннің серіктестерін биліктен ығыстыруда жəне түгелдей қырып-жою мен атуда И. Сталин басты рөлді атқарды 

Большевиктердің 1917 жылы билік басына қалай келгені жөнінде көп айтылып, жазылды. Өкінішке қарай, ХХ ғасырдың басындағы большевиктер партиясының негізгі ұстанымдары мен насихаттарының саяси-доктриналық негіздеріне толықтай талдау жасалмаған. 1917 жылы большевиктер идея апологеттері болып қана қоймай, еуропалық солшыл социалистердің еңбектерімен қарулана, соңында миллиондар мен миллиондаған адамдардың өмірінің негізі болған ССРО азаматтары жəне «социалистік лагерь» атанған елге айналды.

1917 жылдан бастап 1990 жылдың басына дейін жарты əлемге жетер-жетпес ССРО жəне оның қолшоқпарлары, сол кезеңде айтылғандай «марксизм-ленинизм ілімі барлығын жеңетін идея» «туының астында» өмір сүрді. Германияның шағын, бірақ коммунистердің нағыз белсенді жəне радикалды топтарының негізін салушылар Карл Маркс жəне оның серіктесі Фридрих Энгельс ХІХ ғасырдың ортасында Еуропа орталығында өмір сүрді.

Бұл кезең қоғамдық-саяси қарама-қайшылықтар шиеленістер үдерістерімен, экономикалық трансформация жəне интенсивті интеллектульды ойларымен сипатталады. Осындай жағдайда, 2 мың жыл бұрынғы ерте христиан догмаларын сіңірген марксизм идеясы қалыптасады.

Адам – жеке жаратылыс иесі. К. Маркс пен Ф. Энгельстің жəне олардың серіктестерінің саяси тұжырымдамасы, дүниетанымдық көзқарастарында көпшілігінде олардың тəрбиесі мен ортасының бейнесі орын алды. Карл Маркс орта дəулетті отбасынан шыққан. Маркстің жақын туысқандары, Сименс отбасы Голландияда (қазіргі əлемге танымал «Siemens» фирмасы осыдан шыққан) бизнестерін дамытты.

Алайда, мəртебелік шығу тегіне жəне үлкен еңбекқорлығына қарамастан, К. Маркс өзінің үлкен отбасымен өмір бойы үлкен мұқтаждықта өмір сүріп өтті. Ф. Энгельс биографтардың айтуынша фабрикант баласы болған жəне біршама жылжымайтын мүлік иеленген.

Үлкен отбасы бар Маркстан ерекшелігі, Энгельс еркіндеу өмір-салтын ұстаған жəне қатал отбасы міндеттемелеріне байланып қалған жоқ, фабриканың бір жұмысшы əйелімен азаматтық некеде болған.

Жалпы К. Маркс пен Ф. Энгельстің өмірлеріндегі осындай жағдайларға мəн берген Мэри Габриэль өзінің терең зерттеу жұмысында канондық келбетіне сəйкес келмейтін, достардың өте еркін өмір салтын атап өтеді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық саясаткерлер, интеллектуалдар арасында əсіресе, əділетті жəне шиеленіссіз қоғам орнату мəселесі кең талқыланды. Бұл пікірталастар социал-демократтар, анархистер жəне басқа да бұрынғы патша самодержавиесінің оппозициясын, Ресей қайраткерлерін де (Бакунин, Нечаев жəне басқалар) айналып өтпеді.

Адамзаттың əлемдегі еркіндік жəне əділеттілік құрылысы туралы ғасырлық арманын пайдалана, бұл мəселені шешу мақсатында марксизм классиктері өте қарапайым жəне қатал схемалық жолды ұсынады. Марксизмнің негізгі принциптері «Коммунистік партия Манифесінде» (1848 ж.) айтылып кеткен, мынадай постулаттарда жарияланады:

1. Буржуазия «ақшалай» тасбауыр, бос мүддеден басқа, адамдар арасында ешқандай өзге байланыстырды қалдырған жоқ. Буржуазия қазіргі күнге дейін құрмет саналатын жəне қастерлей қарайтын қызметтің барлық түрлерінің қасиетті сəулесінен айырды. Дəрігерді, заңгерді, священникті, ақынды, ғылым адамын ақылы жалдамалы жұмысшыларға айналдырды. Оған қоса буржуазия адамдарды да, қазіргі жұмысшы, пролетариатты оған қарсы бағыттауға себепкер болды.

2. Коммунистердің мақсаты басқа да қалған бүкіл пролетариат партиясымен бірдей – пролетариатты тап ретінде қалыптастыру, буржуазия үстемдігін құлату, пролетариаттың саяси билікті қолыңа алуы. Пролетариат буржуазияның қолындағы бүкіл капиталды рет-ретімен жұлып алу жəне өндірістің барлық құралдарын мемлекеттің қол астына жинақтау үшін, өзінің саяси үстемдігін пайдаланды.

3. Тарихты қозғалтушы, оның қозғаушы күші мəңгі тап күресі болып табылады, құл мен патрицийлер, шаруа мен феодал, жұмысшы мен фабрикант... К. Маркстің пікірінше, дəл осы тап күресі, «тарихтың, қоғамның қозғаушы күші» болып табылады.

4. «Əділетті коммунистік қоғамды» орнату үшін жеке меншікті жою қажет, яғни нарық жəне барлық жерде жалпыхалықтық меншікті орнату негіздері.

Бұл қысқаша қағидалар XX ғасырдың басында марксизмнің ой-тұжырымдары экономикалық саяси жəне бүкіл əлемдегі коммунистік партиялардың радикалдық идеологиялық көзқарастар фундаментіне айналды. Манифест авторлары, мысалы мынадай шараларды ұсынды (мəтін бойынша дəйек келтіремін):

1) жер меншігін экспроприациялау жəне мемлекеттік шығындарды жабу үшін жер рентасына айналдыру;

2) жоғары прогрессивті салық;

3) мұрагерлік құқын жою;

4) барлық эмигранттар мен бүлікшілердің мүліктерін тəркілеу;

5) мемлекеттік капиталмен жəне айрықша монополиямен, ұлттық банк арқылы мемлекет қолына несиені орталықтандыру;

6) мемлекет қолына бүкіл транспортты орталықтандыру;

7) мемлекеттік фабрикалардың, өндіріс құралдарының санын көбейту, жалпы жоспар бойынша егістік жерді тазарту жəне жер өңдеуді жетілдіру;

8) егіншілікке арналған ерекшеліктер, өнеркəсіп əскерін құру үшін бірдей еңбек міндеттемелері;

9) егін шаруашылығын өнеркəсіппен қосу, қала мен село арасындағы айырмашылықтарды бірте-бірте жойылуына ықпал ету;

10) барлық балаларға қоғамдық жəне ақысыз тəрбие, қазіргі формасында, фабрикадағы бала еңбегін жою, тəрбиені материалдық өндіріспен байланыстыру жəне басқа[1].

Марксизм-ленинизм классиктерінің пікірі бойынша, даму барысында таптар айырмашылығы жойылғанда жəне бүкіл өндіріс индивидтер ассоциациясы қолына жинақталған уақытта көпшілік билігі мəнінен айырылады.

Бұл утопиялық эклектика, буржуазиялық ескішілдіктің қалдығы болып табылатын отбасы институтын жою талабымен аяқталады. Бірақ советтік кезеңде «Манифестен» неғұрлым жексұрын жəне мағынасыз тұжырымдар алынып тасталды. Сондықтан да халық жəне тіпті марксизмнің ең жарқын апологеттер де қолдан қолға өтетін дəйексөздер мен сөз орамына сүйене, «Манифест» мəтінін шала-шарпы білетін.

Десе де, «Коммунистік партия Манифесінде» айтылған марксизм негізін салушылардың көзқарастары, идеялар қоспасына, бүкіл əлемдегі коммунистердің өзіндік библиясына айналды.

К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектері басылып шыққаннан кейін үкіметтік газеттер тарапынан ғана емес, сол сияқты серіктестері, революционерлер, айта кету керек, жұмысшы табы өкілдері тарапынан да қатты сынға ұшырады. Мен К. Марксті жəне оның жолын қуушыларды радикал ретінде жайдан-жай сипаттаған жоқпын, себебі олар бірнеше рет сотқа тартылды жəне үнемі Англияда, Францияда, Швейцария, Бельгияда, Голландияда сот төрелігінен тығылып жүрді. Тарихта мұндай революционерлер өте көп жəне сан мыңдаған, бірақ біз қазір жаһандық күйзеліске əкелген саясаттанушылар мен теориялық доктрина көзқарастарына екпін жасаймыз.

К. Маркстің адал шəкірттері. В. Ленин жəне басқалар

Карл Маркс пен оның серіктестерінің шағын тобының идеясы Германияда, жалпы Еуропада да қандай да бір қолдау тапқан жоқ. Ресей социал-демократтарының солшыл бөлігі, тарихтан белгілі большевиктер К. Маркс пен Ф. Энгельстің доктриналары мен постулаттарын толықтай қабылдап алды. Еуропалық халықтардың марксизм идеяларына қабылдамау фактісін, орыс ғалымы Николай Бердяевтың байқағанындай, өзінің тамаша «Орыс коммунизмінің қайнар көзі жəне мəні» монографиясында марксизмнің отанында, Германияның өзінде мойындалмағанын, бірақ қызығы сол Ресейде ол сіңісіп кеткенін айтады. ХХ ғасырдың басында Ресей социал-демократтарының солшыл қанатының көшбасшыларының бірі В. Ленин, догмалық сенімділікпен Маркс ілімін насихаттай бастады жəне осы маркстік көзқараспен большевиктер партиясының басшылығымен 1917 жылдың қазан айында Ресейде төңкеріс жасайды. 1927 жылы бұл төңкеріс «Ұлы социалистік революция» деген атауға ие болды.


Ленин Петроградтағы митингте. 1917 ж.

Большевиктер абыройына қатысты айта кету керек, олар билік басына келгеннен кейін де олар ашық жəне барлық жерде К. Маркс пен Ф. Энгельстің ең күшті жəне ең жеңімпаз ілімі туралы айтылды[2]. Егер ұмытылған болса, еске салып өтейік, Мəскеудегі жəне басқа ірі қалалардағы алғашқы монументалды ескерткіштер, дəл сол жаңа ілімді жасаушыларға арналып тұрғызылды. «Коммунистік партия Манифесі» жəне большевиктер көшбасшыларының еңбектері, əскери кезеңнің қиындықтарына жəне қаржының жетіспеушілігіне қарамастан, миллиондаған данамен шығарылады; одан əрі жедел марксизм теоретиктері мен большевизм апологеттері құрметіне қалалар мен елді мекендер солардың аттарымен - Петроград Ленинград, Царицын Сталинград, Тверь Калинин болып өзгертіледі, сол сияқты Троцкий, Фрунзе, Молотов, Калинин, Киров қала атаулары пайда болады. Атаулары өзгертілген село, совхоз, мектеп, университет, көшелер саны сансыз. Қазақстанда 1936 жылы қайта құрылған университетке, көрнекті большевик С. Киров есімі берілді[3].

Билік басына бекіген большевиктер желікпе батылдықпен марксизмнің негізгі постулаттарын өмірге енгізе бастады. Жаңа идеологияның басты кейіпкері «қарулы адам» болды. Пролетариат диктатурасын орнату туы астында, ескі мемлекеттік құрылысты дүрбелеңге түсірді. Барлық жерде жеке меншік жойылады. Бірақ бұдан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, жаңа саяси жүйе бұрынғыдан тиімді болмай шықты.

1917-1919 жылдарда орын алған сайлау, еркін баспасөз түріндегі демократиялық құрылыстың кейбір негіздері, көп ұзамай жойылды, «пролетариат диктатурасын орнату» үшін күресушілер шын мəнінде, алдымен бір партияның, онан соң – жеке бастың диктатурасы мен жоғарғы билікті орнату үшін күресушілерге айналды. Большевиктер өздеріне қарсы пікір білдіретін – кадеттер, монархистер жəне басқа да партияларды ғана емес, сол сияқты олар, 1918 жылы үкіметтік коалицияның жақын серіктестері – солшыл эсерлерді де еш аяусыз жазалады. Большевиктердің əлеуметтік базасы деп аталатын – жұмысшы бұқарасы партия жүргізген жəне олардың атынан сөйлеген жаңа биліктің тұтқындау, ату жазасынан ешқандай қорғана алмады. Бұған көз жеткізу үшін 1918-1921 жылдардағы Бүкілресейлік Төтенше Комиссияның хаттамаларын қарастырудың өзі жетіп жатыр, онда Кронштадт матростарының (КСРО тарағаннан кейін Кронштадт бүлікшілері ақталды), Тамбов шаруаларының, Петроград пен Мəскеу жұмысшылары, Украина, Грузия, Əзірбайжан, Қазақстан, Татар, Башқұрт жəне басқа да демократиялық қозғалыстар көшбасшыларының көтерілісін басып-жаншу туралы ақпаратты айтуға болады. Көп ұзамай ССРО-ның миллиондаған азаматтарын қамайтын, асығыс түрде «концентрациялық лагерлер» салынады. Советтік лагерлердегі жазаға кесілгендердің басым бөлігі қарапайым адамдар болатын, ұсақ бұзақылық жасағандар, тəртіпке көнбегендер, тіпті кейде еш күнəсі жоқ азаматтар – колхозшылар, мұғалімдер айыпқа тартылды. Мұның ішінде интеллигенция, əскерилер жəне өздерінің партия номенклатура өкілдері де аз болған жоқ.

Биікке көтерген большевиктердің пролетариат диктатурасы талдана келе, билікке жақын шағын топтың диктатурасы болғандығы айқындалады. Адамгершіліктен тыс жаппай эгоизм, адам тағдырларына немқұрайлы қарау көшбасшылардың жəне большевиктер партиясы ұстанымының ерекше белгісіне айналды. Оған қоса, большевизм басқа елдерде де өздерінің идеяларын, өздерінің идеологияларын жылжытумен, өздерінің миссиялық рөлін орнықтыра бастады. «Қалай да бұл қарама-қайшылық естілгенмен, бірақ большевизм орыс самодержавиесінің, орыс имперализмінің үшінші құбылысы...».

Большевизм орыс өміріне милитаристік күштің жоғарғы дəрежесі ретінде кіргендігін»[4] Н. Бердяев атап өткен болатын. Дүниежүзінің көптеген елдеріне коммунистік ұйым құру мақсатында үлкен қаражатпен қамтылған, агенттер жіберілді[5]. Бұл топтардың қызметтерін үйлестіру үшін, Коминтерн құрылды. Əдеттегідей, бұл ұйымдар Еуропадағы, Азия мен Америкадағы жергілікті билікке оппозиция болды жəне кең көлемде бүлікшілік қызмет жүргізді. 1919 жылы Мəскеуде құрылған ІІІ Коминтерн, тек 1943 жылы ғана антигитлерлік коалиция одақтастарының қысымымен таратылды. Сонда да, көпшілік жағдайда революцияны сыртқа бейімдеу жəне оны көшіру саясатының идеясы жүзеге асты. Өздеріңізге белгілі, бүкіл құрлықта, кейінірек «социалистік блок» деп аталған немесе советтік бағытты ұстанған мемлекеттер пайда болды.

Шындығында, бұл елдердің көпшілігі олардың территориясында кеңестік əскерлерлердің қалың желісі орналасқандықтан да мəжбүрлі «советтік блокта» қалды, басқармалар да Мəскеуден бекітілгендер отырды; қолшоқпарларға да миллиардтаған қаржы «көмегі» бөлінді. Коммунистік идеологияның базалық негізін, К. Маркс, В. Ленин еңбектері, сол сияқты И. Сталиннің «Қысқаша курсы»[6] құрады.

Бүкіл қызмет, партияның өзі мен оның көсемдері өтірік пен аңыздың астында қалды. 1917 жылдың күзінде билік басына келген большевиктер көшбасшылары партиялық лақап аттарымен өмір сүрді, қайтыс болды немесе атылды: Владимир Ульянов – Владимир Ленин, Лев Бронштейн – Лев Троцкий, Овсей-Герш Радомысльский – Григорий Зиновьев, Лев Розенфельд – Лев Каменев, Иосиф Джугашвили – Иосиф Сталин, Вячеслав Скрябин – Вячеслав Молотов жəне басқа. Қайшылықты, бірақ факт – ССРО азаматтары бүкіл совет өкіметі жылдары мемлекет басшыларының нағыз атауларын да, олардың өмірбаянын да білген жоқ. Материалдық тұрғыда қамтамасыз етілген номенклатура өкілдері, тəртіптің ынталы апологеттеріне, «кеңестік социализм» идеясының қорғаушыларға айналады.

1920-1930 жылдары не жоғарғы адамгершілік сапасы, не терең білімі жоқ, жақсы ұйымдастырылған кеңестік бюрократия қалыптасты. Нағыз осы дыбысын шығармайтын жəне көнгіш каста, жаппай қуғын-сүргін мен қудалауларға жол ашты. Бұл жерде фактілер жетіп артылады. Объективті ақпарат орнына – жасырын фактілер, өтірік жəне аңыз. Объективті талдау орнына – коммунистердің қателеспейтін партиясы берген бағыты туралы, дайын ұрандары болатын. Ғылыми ізденіс орнына – «жоғарыдан» даярланған жəне бекітілген идеологемдер орын алды. Мемлекеттік жүйе өздерінің апологеттерінің «темірдей қатарын», өте іскерлікпен жəне біртұтастықта қалыптастыруды қолға алды. Ол жылдары ұжымдық жазылған əңгімелер мен романдарының ерекше рөлінің идеологиясы насихатталды. Коммунизмнің алдағы жақсылықтарын ақындар мен композиторлар, «социалистік реализм» деп аталатын өнер мен əдебиеттегі жаңа бағыт өкілдері барлық жерде айтып, сарнай бастады.


Ұмытылмайтын кездесу (И. Сталин мен үкімет мүшелері жəне Ауыр өнеркəсіп халком басшыларының əйелдермен кездесуі, 1936-1937 жж.). Автор В.Ефанов.

Большевизм жеке билігін нығайту үшін екі жақты ойын жүргізді. Мысалы, ашықтыққа, пікірталас пен бітімге келу даярлығына шақырған большевизм көшбасшысы, ылас технологиялар мен қастық əрекеттерге аз жүгінген жоқ. Француз тарихшысы Л. Сервис айтқандай, мұндай тəсілдер революциядан бұрын да, билік басына келген соң да большевизм көшбасшыларына тəн болған[7]. Бұл партияның өмірінде жалғандық (мысалы, Құрылтай жиналысындағы сайлау кезіндегі), тарату, ату, бітпейтін жəне заңсыз реквизициялар, жаппай құбылысқа айналды. Бұл жерде большевиктер партиясының көшбасшысы В. Лениннің сүйікті нақылын қалайша еске алмайсыз: «Революция бəрін кешіреді», «Мақсатқа жету үшін қолданатын құралдың барлығы жақсы» жəне тағы басқалар.

Қазіргі тарих ғылымында, большевиктер іс-əрекетінің адамгершілікке жат қылықтарын көрсететін тұстарының қоғамнан мұқият жасырылғаны туралы фактілер көп. Бұл жерде дін өкілдерін, Ресейдің жəне ұлт аймақтарындағы жарқын интеллектуалдарды ату, мəжбүрлі эмиграция тұр.

Мысалға алатын болсақ, 1922 жылы «философия» пароходымен басқа да өзге белгілі мəдениет қайраткерлерімен бірге, Николай Бердяев та шетелге жер аударылды. Оның, басқа да Ресей эмигранттарының, кейінгі ВЧК-НКВД-ның ұрлаған жəне өлтірген (ақ офицерлер мен генералдар тобы, эмиграциядағы украиндар тобы, мүмкін қазақ эмигранты Мұстафа Шоқай жəне басқа) қайраткерлерді қоспағанда, «жолы болды»: олар өз ажалдарымен өлді. Сол уақытта, ССРО-да қалғандар тағдыры, бəрінен де көп қайғыға ұшырады: оларды концлагерлердің ұзын шынжыры, жаппай ату немесе совет құрылысы мен большевиктер көшбасшыларының қызметін мадақтайтын бітпейтін мақтаныш шараларға қатысу. Тоталитарлық құрылыс өзінің табиғатын өзгерткен жоқ, жаңа көсем келген сайын үнемі жетілдіріп тұрды.

В. Лениннің өлімі биліктің сипатын біршама өзгертті. В. Лениннің серіктестерін биліктен ығыстыруда жəне түгелдей қырып-жою мен атуда И. Сталин басты рөлді атқарды. «Ескі гвардияға» қарсы күресті ол шеткері аймақтан келген, терең танымы жоқ, бірақ жас жəне өр Н. Ежов, Л.Берия, Л. Каганович, Г. Маленков, Н. Хрущев жəне басқаларды ептілікпен пайдалана білді. Қысқа мерзім ішінде жаңа мамандар айтарлықтай номенклатуралық игіліктерді иеленді – кең пəтерлер, саяжайлар, қосымша азық-түліктер. Совет көсемдерінің өмірлері жайлы аз жазылған жоқ. Бірақ бұл жерде жаңа «көсемдердің» өміріне тікелей куəгерлерді атап өткім келеді. Бұл Борис Бажановтың «Я был секретарем Сталина», Анастас Микоянның «Сталин, каким я его знал» естеліктері, Светлана Аллилуеваның «20 писем другу» жəне «Всего одинь день»[8] мемуарлары. Н. Хрущев пен В. Молотовтың жəне басқалардың естеліктері де көп хабар береді.

Жалғасы бар...

Əдебиеттер:

[1]См. Маркс К., Энгельс Ф. Манифест Коммунистической партии. http: www/ geocitiescom. Capitol Hilllobby 

3198

[2]См: Ленин В. Полное собрание сочинений.

[3]Хрестоматия по новейшей истории России. Джагфаров Н. Формирование режима личной, тоталитарной власти в стране (1917-1937). – Алматы, 2013.

[4]Бердяев Н. Истоки и смысл русского коммунизма М; Наука, 1990 г.-с.99.

[5]Бажанов Б.Г. Я был секретарем Сталина. М.: Алгоритм, 2014 г; Джагфаров Н. Формирование режима личной, тоталитарной власти в стране (1917-1937).- Алматы, 2013.

[6]История Всесоюзной Коммунистической партий большевиков и «Краткий курс под редакцией Комиссии ЦК ВКП(б) 1938 г.» - ротопринтное издание.

[7]Сервис Р. Ленин / перевод с англ. языка Г.Левитан. - М.: ОО «Попурри», 2002;

[8]Микоян А.И. Сталин. Каким я его знал. - М.: Алгоритм, 2013; Красная книга ВЧК. В двух томах – М: Политиздат, 1989.

Бүркітбай АЯҒАН, 

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор

Қазақстан тарихы порталы


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика