Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Ұлы Дала жастары: тарихи миссиясы және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру

Ұлы Дала жастары: тарихи миссиясы және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру 10.04.2019

Ұлы Дала жастары: тарихи миссиясы және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп 2019 жылдың 19 сәуірінде «Ұлы Дала жастары: тарихи миссиясы және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру» тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығын іске асыруға, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының ережелеріне сәйкес тарихи сабақтастықты сақтауға, еліміздің қасиетті қазынасына ұқыпты қарауға, тәуелсіздіктің бірегей жетістіктерін құрметтеуге, ғылыми ізденістерді жандандыруға, жас тарихшылардың тамаша зерттеулерін кеңейтуге бағытталған міндеттерді орындау шаралары аясы тұрғысынан өткізіледі.

Конференцияда Қазақстандағы жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелердің кең ауқымын талқылау ұсынылады:

- Қазақстандағы жастар саясатын қалыптастыру мен іске асырудағы Елбасының рөлі;

- мемлекеттік жастар саясатының жағдайы және әлеуметтік тәжірибесі;

- Қазақстандағы жастар саясатының нормативтік-құқықтық негіздері;

- жаңа қазақстандық патриотизм - көпэтникалық және көпконфессиялық қоғамның табысының негізі;

- жастардың қоғамдық санасын жаңғыртудағы тарих ғылымның миссиясы, қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру;

- жастар және интеллектуалды ұлт қалыптастыру, студенттердің кәсіби бағдарлануы және білім сапасы, студенттердің әлеуметтік портреті;

- қазақстандық жастардың құндылық бағдарлары, қазіргі жастардың рухани адамгершілік мәселелері;

- жастардың ішкі көші-қоны мен қалалық және ауылдық жерлердегі әлеуметтік ортасын қайта құру, жастарды әлеуметтік қолдау жолдары;

- жастар және отбасы институты - мемлекеттік саясаттың басымды бағыты;

- мектептегі әскери-патриоттық тәрбиенің рөлі;

- жастар және дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту;

- жастар және бейресми білім;

- жастар және еріктіліктің дамуы;

- жастар және жобалық қызмет;

- қоғамдық жастар ұйымдарының мәселелері және даму келешегі;

- Интернет-ортадағы жастар үшін төнетін қауіп-қатерлер әлеуметтік желілер және Қазақстан жастарының дамуы, әлеуметтенуі;

- Батыстық құндылықтар және жастардың күнделікті өмірі мен қажеттіліктері;

- жастар және дін;

- жастар және қылмыс;

- жастар ортасындағы наразылық потенциалы.

Конференция барысында Мемлекет тарихы институтының ғалымдары жариялаған кітаптардың көрме-тұсаукесері өтеді.

Өтетін уақыты: 19 сәуір 2019 жыл, 09.00-18.00 уақыт аралығы.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, Назарбаев орталығы

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығатын болады.

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Автор мақаланы электронды нұсқада MS Office 2007 үлгісімен, Times New Roman қарпімен, қаріп өлшемі – 14, жол аралығы – 1, жиектері – 2 см рәсімдейді.

Мақаланың рәсімделуі төменде келтірілген ғылыми стандартқа толық сәйкес болуға тиіс:

- көлемі – 0,5 б.т. кем емес (5-7 компьютерлік беттер);

- бірінші беттің сол жақ үстінде ОӘЖ индексі көрсетіледі;

- бір жол төмен бас әріппен – мақаланың атауы;

- келесі жолда оң жақтан – автордың тегі және инициалдары, жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы жазылады;

- аннотация мақала мәтінінің тілінде;

- кілтті сөздер;

- екі аралықтан кейін мақала мәтіні басталады;

- әдебиеттер тізімі 7.1-2003 мемлекет стандартына сәйкес;

- түйін қазақ тіліндегі мәтіндерге – орыс және ағылшын, орыс тіліндегі мәтіндерге – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде рәсімделеді (түйін автор туралы қысқаша ақпараттан басталады);

- дерек көздеріне сілтеме қолдану ретіне қарай үзіндіден кейін тік жақшаға алынып беріледі (мысалы: [1,28 б.)].

- мақала мәтіні мұқият тексеріліп түзетілген болуы керек.

Автор туралы қысқаша ақпарат: тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, жұмыс және жеке байланыс телефондары, e-mail мақаламен бірге берілуге тиіс.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамайды.

Конференция бойынша барлық шығындар қатысушылар тарабынан болады.

Конференцияға қатысуға ниет білдірген ғалымдар қатысуға өтінім мен мақаланы 2019 жылдың 5 сәуіріне дейін a.badiyev@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу керек.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1     

Аты-жөні (толығымен)

                                            

2

Мекеменің атауы (толығымен)

 

3

Баяндама (мақала) тақырыбы

 

4

Қызметі (толығымен) Ғылыми дәрежесі

 

5

Мемлекет, қала

 

6

Байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефон) E-mail

 

7

Жеке құжат номері, берілген күні (рұқсатнама алу үшін)

 

Конференция үйлестірушілері:

+7(7172) 74-10-41;70-83-18.

сот. тел: +77751604504

Е-mail: a.badiyev@mail.ru Құрметпен, ұйымдастыру комитеті!


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика