Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Міндет – сайлауға белсенді қатысу

Міндет – сайлауға белсенді қатысу 09.04.2019

Міндет – сайлауға белсенді қатысу

Мемлекет басшысын таңдауды алдымыздағы сайлауда халқымыз шешетін болады

Мемлекет басшысы қызметін абыроймен атқарып жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халқымызға қатысты саяси маңызы зор шешім қабылдап, Президенттің кезектен тыс сайлауын екі айдан кешіктірмей, үстіміздегі жылдың 9 маусымында өткізу туралы баршаға жария етті.

Біздің пікірімізше, бұл өте орынды және дер кезінде қабылданған шешім. Қ. Тоқаев Конституцияда белгіленген нормаларға сәйкес Президент міндетін бүкілхалықтық сайлауға дейін заңды түрде орындауға кіріскені баршаға мәлім. Бірақ уақытшаның аты уақытша ғой. Демократиямыз дамып келе жатқан елімізге тікелей халық сайлауында осы ең жоғары билікке легитимді қол жеткізген кезекті тұрақты көшбасшы керек.

Бұл қызметке қазіргі кезде лайықты бірнеше адам бар. Солардың ішінде Елбасымыздың сеніміне ие болған қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше орын алады. Алайда келесі Мемлекет басшысын таңдауды алдымыздағы сайлауда халқымыз шешетін болады.

Біздің ендігі міндетіміз – осы сайлауға үлкен белсенділікпен қатысып, өз еркімізді білдіру.


Талғатбек ӘМИНОВ,

Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика