Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар 11.01.2019

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар

2019 жылдың 15 қаңтарында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен Астана қаласы Тілеп-Қобыз сарайында «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Мақсаты – Елбасының бағдарламалық мақаласындағы ұлт тарихын зерттеу, тарихи сананы жаңғырту бойынша жаңа тұжырымдамалық амал-тәсілдер мен идеяларды ашып көрсету.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тұжырымдамалық мақаласы ұлттық тарихты жан-жақты және жүйелі зерттеудің қажеттілігін айқындайды, отандық және шетелдік мұрағат қорларынан Ұлы Дала тарихы бойынша жаңа материалдар мен құжаттарды теріп-жинақтаудың, олардың қалың қауымға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сандық жүйеге көшірудің өзектілігін арттырады.

Қазақстан тарихына қатысты жаңадан табылған және ұлттық тарих жөніндегі жаңа білімдерді қалыптастыратын мұрағат деректерінің негізінде жасалған ғылыми еңбектерді жарыққа шығарудың маңызы даусыз. Ол үшін тарихи мұраны мақсатты зерделеу, Қазақстан тарихын әлемдік тарихтың құрамдас, айырғысыз бөлігі ретінде жүйелі зерттеу қажет.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тарихи мұра, ұлт тарихын зерттеп зерделеу мәселелерін, тарихи сананы жаңғыртудың Қазақстан қоғамын дамытудағы рөлін, «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты іргелі бағдарламаларды талқылайды. Іс шарада Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов бас баяндамашы ретінде сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы, түрколог, археолог ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Өтетін уақыты: 15 қаңтар 2019 жыл, сағат 11.00.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 18, Тілеп-Қобыз сарайының залы.

Телефон: +7(7172) 74-12-85, е-mail: ayga27@mail.ru


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика