Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде 31.10.2018

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында теориялық-методологиялық семинар 2018 жылдың 30 қазанында өткізілді. 

Ғылыми шараның жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Орфография бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының ғалымдары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды: тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекетті нығайтудағы рөлі; Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы; жаңа жаһандық замандағы еліміздің жағдайы мен мемлекеттік тілдің болашағы; Қазақстан Президентінің қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы негізгі бастамалары; латын әліпбиіне көшу; қазақ тілін жаңғыртудың тарихи логикасы.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Қуанышев Жапсарбай Ілиясұлы кіріспе сөзінде латын әліпбиіне көшу туралы мәселені баяндап келе, қазіргі таңда біртұтас ел болып біріктіруде мемлекеттік тілдің маңыздылығы зор, егемен еліміздің болашағы да қазақ тілінде деп көрсетті.


Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Орфография бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» деген жобамен таныстырды. Ережелер жобасы жұртшылыққа кеңінен таныстыру, сондай-ақ пікір алмасу, жекелеген қағидаларды одан әрі тиянақтай түсу мақсатында көпшілік назарына ұсынылып отыр, - деп нақтылады.

Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу процесінің ерекшеліктеріне тоқталды, сол кезде психологиялық, лингвопсихологиялық дискомфорт пайда болуы мүмкін, - деп көрсетті.


Мемлекет тарихы институтының ғалымдары қойылған мәселелерді қызығушылықпен талқылап, қазақ тілінің жаңғыруы жаңа жаһандық талаптарына негізделгені туралы айтып өтті.

М.В. Кемелбекова

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық

даму тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика