Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Еуразия халықтарының тарихи тағдырлары

11.06.2018

Еуразия халықтарының тарихи тағдырлары

11 маусымда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтында «Еуразия халықтарының тарихи тағдырлары: мәселелер, ізденістер, зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел «Ұлы Дала Елі және еуразиялық кеңістік» атты халықаралық жазғы мектеп аясында өткізілді. Іс-шараны Мемлекет тарихы институты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультеті мен Ресей Федерациясы Бурят мемлекеттік университетінің Тарих факультеті бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Мемлекет тарихы институтының ғалымдарымен қоса Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық және Бурят мемлекеттік университеттерінің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.


Іс-шараны Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ.Аяған құттықтау сөзімен ашты. Одан әрі Бурятия мемлекеттік университеті Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., доцент В.В. Номогоева Бурятия тарихына байланысты қазіргі ғылыми зерттеулер тақырыбының аясында баяндама жасап, буряттар тарихы мен тағдыры жайлы қызықты әңгіме өрбітті. Сұрақ-жауар пішімінде өткен 1 сағаттық кездесу үстінде тіл, тарих мәселелеріне қатысты екі жақты пікірлер тыңдалды. 


Шара барысында Мемлекет тарихы институтының тарапынан Институт директорының орынбасары, т.ғ.к., доцент А.Н. Қашқымбаев, бас ғылыми қызметкер, з.ғ.к. Е.Қ. Нұрпейісов, бөлім басшысы, т.ғ.д., профессор Ғ.М. Қарасаев, т.ғ.д., профессор Ә.М. Ауанасова және басқалар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Г.Т. Мұсабалина, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. З.О. Дүкенбаева, т.ғ.к., доцент С.Д. Шаймуханова және Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Б.Ақтайлақ сөз сөйледі.


Шара соңында келген қонақтарға дәртүр бойынша жалпы суретке түскен соң Мемлекет тарихы институтымен экскурсия ұйымдастырылып, әр бөлімнің, ғылыми кітапхананың жұмысы жеке-жеке таныстырылып өтті.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика