Mемлекет тарихы институты

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері

Білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері 09.04.2018

Білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ғалымдары мен Қазақ Технология және бизнес университеті оқытушыларының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 10 қаңтар 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ғалымдар мен оқытушылар Президент Жолдауындағы жетінші басым бағыт «Адами капитал» және жоғары білім алу, интеллектуалдық әлеует мәселелеріне қатысты баяндама жасады.


Мемлекет тарихы институты «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғани Мұқашұлы Қарасаев «Қазақстан тарихын әлемдік деңгейге көтеру» мәселесіне қатысты баяндама жасап, болашақта «Қазақстан тарихын» әлемге таныту үшін қыруар жұмыстар атқарылуы керектігі жайында айта келіп, ол үшін әлемге танымал болған тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту мақсатында және ұлттық тарихтағы орындарымен қоса алғанда әлемдік тарихтың құрамды бөлігі ретінде таныстыру мен насихаттауға жұмыс жасалуы қажет. Ондай жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан қолдау таба отырып, еңбектерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау керек, - дейді. Сондай-ақ, әлемдік жоғыры рейтингі бар импакт-фактор журналдарында Отан тарихына қатысты ғылыми мақалалаларды шығару маңызды екендігін атады.

 

Екінші кезекте сөз кезегін алған Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Сейітқали Жахияұлы Дүйсен «Қазақстан ғылымының дамуы: жетістіктері мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама жасап, тәуелсіздік кезеңіндегі ғылымның жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталды.

Одан кейін баяндама жасаған Қазақ Технология және Бизнес университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Рабиға Қабдулқызы Байымбетова «Қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы – адами фактор және интеллектуалдық әлеует» тақырыбында сөз сөйледі.

Келесі баяндамашы Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсенов «Жоғары білім алудағы Адами капитал мәселесі» тақырыбында сөз сөйледі. Онда елдің келешегі жастар, олардың жоғары білім алуы өте маңызды, ХХІ ғасыр «Білімді мен біліктінің ғасыры» екендігін және жастардың бәсекеге қабілетті болуы тиісті екендігін атады. Сонымен қатар, әлем елдерінің барлығы бұл өзекті мәселеге мән беріп, жас ұрпақтың жетілуі мен білім алуына ылғида назар аударып отыратындықтарына тоқталды.

Ғалымдар мен оқытушылардың мазмұнды баяндамалары ретімен жалғасын тауып, келесі кезекте сөз сөйлеген «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Түнтеев Назарбек Саттарұлы «Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білім қоғам дамуы үдерісінің көрсеткіші» тақырыбында келелі мәселелерге қатысты баяндама жасады. Онда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген және болашақта жүзеге асуы қажет мәселелердің дұрыстығын атады.

Дөңгелек үстелдің соңында сөз кезегін алған Қазақ Технология және Бизнес университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Виктор Александрович Лузанов «Білім мен ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Осы дөңгелек үстелдің соңында Мемлекет тарихы институты ғалымдары Қазақ Технология және Бизнес университетінің кітапхана қорына өздері жарыққа шығарған еңбектерін сыйлыққа ұсынды.

 

АРЫНОВА З.Қ.

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика