Mемлекет тарихы институты

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Маңызды бес әлеуметтік бастама

Маңызды бес әлеуметтік бастама 16.03.2018

Маңызды бес әлеуметтік бастама

15 наурыз 2018 жылы Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жастар мен ұстаздарға түсіндіру және насихаттау мақсатында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ғалымдары – А.Н. Қашқымбаев, С.Ж. Дүйсен және Қ.А. Еңсеновтер баяндамалар жасады.

Аталған ісшараға орта мектептен 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Осы ісшараны ұйымдастыруға №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Түлекова қатысты.

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған ғалымдар «Бес әлеуметтік бастаманың» маңыздылығына тоқталып, ел болашағы жастардың келешекте осы стратегиялық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыратындығы және жалғастыратындығы, олардың жоғары білім алып, елдің дамуына үлес қосатындығы айтылды.

Қ.А. ЕНСЕНОВ,

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика