Mемлекет тарихы институты

Казақстан Республикасы, Астана қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Қазіргі отандық тарихнамадағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының тарихы

Қазіргі отандық тарихнамадағы Қазақстан-Ресей  қарым-қатынастарының тарихы 05.02.2018

Қазіргі отандық тарихнамадағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының тарихы

Қазақстан мен Ресей заманауи әлемдік үдерістердің белсенді қатысушылары ретінде танылуда. 

Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда Қазақстан мен Ресей басты рөлге ие және бұл екі ел ынтымақтастығының дәйекті және жемісті болуы куә. Біз екіжақты мемлекетаралық қатынастардың негіздерін қалыптастырудан нақты стратегиялық серіктестікке дейінгі маңызды жолмен жүріп өттік. Мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл екі ел арасындағы, әсіресе қазіргі заманғы мемлекеттер арасындағы қатынас деңгейінің маңызды және сапалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары мәдени-гуманитарлық, саяси, экономикалық және әскери салалардағы ынтымақтастыққа үлкен мән беріледі. 

Мәдени ынтымақтастық – бұл екі ел мен олардың халықтарының рухани жақындығы ғана емес, ол сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі саяси және экономикалық негіздерін ескере отырып, соңғы онжылдықтарда біздің мемлекеттерді дәйекті түрде қамтамасыз еткен өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің үлгісі болды.
Дәстүрлі мәдениетті, тарихи және мәдени мұраны сақтау және пайдалану ғана емес, сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану заманауи мәдени саясаттың маңызды аспектілері болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтумен қатар, екі бауырлас халықтардың тарихи достығын және ортақ мұрасын мұқият қарау қажеттілігі туындайды. 

Осы тұрғыдан алғанда қазіргі Қазақстан-Ресей мемлекетаралық қарым-қатынастарын зерттеуде қазақ-орыс қарым-қатынастарына тарихи шолу жасаудың өте үлкен маңызы бар. Қазіргі заманғы интеграциялық процестер жағдайында, жинақталған өзара тиімді прагматикалық, мемлекетаралық, трансшекаралық, өңіраралық тарихи тәжірибе негізінде бұл мәселелерді кешенді зерттеу өткен екіжақты қарым-қатынастардың ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін сай айқындауға көмектеседі. 

Қазақстан тарих ғылымының маңызды бағыттарының бірі - Қазақстан-Ресей қатынастарының қалыптасуы мен даму тарихы. Бұл ғылыми бағыт Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің 1995 жылы қабылдаған Қазақстан Республикасы тарихи санасын қалыптастыру тұжырымдамасында және кейінірек (2013 ж.) қабылданған бірқатар саяси құжаттарда, құқықтық актілерде сондай-ақ, «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасы аясында көрсетілген. Бұл осы тарихи бағытты зерделеу бойынша жұмыстарды жалғастыру және ғылыми түсінудің өзектілігін растайды. 

Сонымен бірге, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас тарихының ең өзекті аспектілерінің бірі XVIII-XIX ғасырлар кезеңі болып қала береді. Қатынастардың жаңа деңгейін қалыптастыру біріншіден, Қазақстан жерінде отарлау саясатының басқару жүйесін құруға әкелді. Диссертациялық жұмыстарды қоса алғанда, бірқатар зерттеулер қазіргі кезеңде қазақстан-ресей қарым-қатынастарының бүкіл кешенін зерттеу оның ғылыми маңыздылығын, өзектілігін растайды. 

Бұл тақырыпта елеулі зерттеулер жүргізген тарихшылар арасында: П.И. Рычков, Г.Спасский, А.И. Левшин, В.В. Вельяминов-Зернов, Г.Ф. Генс, Ш.Ш. Уәлиханов, М.И. Терентьев, А.И. Добромыслов, А.П. Хорошхин, И.И. Крафт, П.П. Иванов, Н.Г. Аполлова, Д.Ю. Арапов, В.Я. Басин, Е.Б. Бекмаханов, М.П. Вяткин, С.З. Зиманов, Н.Е. Бекмаханова, И.В. Ерофеева, Ж.К. Қасымбаев, С.Н. Брежнев, А.Ю. Быков, Д.В. Васильев, және басқалар бар. 

Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі тарихнамасының қалыптасуы және дамуы зерттеушілердің назарын XVIII – XX-шы ғасырлар бойы сан қырлы ғылыми зерттеулердің жинақталуы мен дамуының қарқынды процесі барысында маңызды мәселеге айналдырды. Сонымен бірге, Қазақстанның Ресейге кіру тарихнамасын Орта Азияның Ресей империясының құрамына кіру тарихнамасынан бөлек қаралмауы керек. Қазақстан тарихы мен Орта Азия халықтарының тарихнамасының өзекті мәселелері бір-бірімен өзара тығыз байланысты және оларды бір-бірінен бөлек зерттеу әдіснамалық тұрғыдан да, ақылға да қонымсыз. 

Д. Жұмағалиев,

Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері

Әдебиеттер: 

  1. Концепция становления исторического сознания в Республике Казахстан. – Алматы: Казахстан, 1995. – 32 с.
  2. Программа исторических исследований «Народ в потоке истории». – 3 августа 2013 г. // Портал «National digital history». Кіру тәртібі: http://e-history.kz/ru/contents/view/331 (қаралған күні: 25.01.2018).
  3. Абдилдабекова А.М. Россия и Казахстан (XVIІI – начало XX века.): Вопросы историографии. Учебное пособие. – Алматы: «Қазақ университеті», 2007. – 136 с. 


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика