Mемлекет тарихы институты

Казақстан Республикасы, Астана қ, Орынбор көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Жаңғырудың діңгегі - тұрақтылық

Жаңғырудың діңгегі - тұрақтылық 03.10.2017

Жаңғырудың діңгегі - тұрақтылық

Әлемдік конъюнктураның құбылмалылығы мен халықаралық бәсекелестікті күшейту жағдайында Қазақстан жыл басынан бері экономикалық және саяси жаңару жолына бет алды. Осыған байланысты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған рухани жаңғыру үдерісіне көшу қоғамдағы экономикалық және саяси реформаларды табысты жүзеге асыруға негіз болады. Рухани жаңғыру қазақстандық ұлттық бірегейлікті сақтауды және қазақстандықтардың санасының жаңа уақыттың құндылықтарына ашықтығын білдіреді. 

Жаңғыру дегеніміз бұл әрқашан да өмірдің өзгеруі, жаңа институттардың, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың қалыптасуы, өнімді одан әрі дамыған технологиялық деңгейге шығару. Үшінші модернизация инновациялық технологияларға негізделген, дәстүрлі тәсілдерді тереңірек пайдалану. Қоғамдық санадағы өзгерістерді көрсететін рухани жаңғыру туралы сөз болғанда, сезімтал процестерге қатысты «модернизация» деген технократтық терминді қабылдауда белгілі бір қиындықтар пайда болады. 

Адамзат тарихындағы рухани жаңғыру түрлі ұрандар мен түрлі даму бағытында өтті. Әлемнің жаңа бейнесін құру, сананың көкжиегін кеңейту Ұлы Жібек жолының дамуы, географиялық ашылулар мен крест жорықтарының нәтижесінде қол жеткізілді. Қазіргі кезеңде, ХХ ғасырда әлем бейнесінің өзгеруі теледидарды, одан кейін Интернеттің пайда болуына байланысты болды. Бұл өз кезегінде адам санасына, оның мінез-құлқына, мәдени құндылықтарына және ойлауына әсер ететін жаһандық әлемнің қуатты құралы болды. 

Тұрақты даму міндеті екі компоненттен тұрады. Бір жағынан, бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық институттарды және ұлтаралық деңгейдегі құралдарды пайдалану арқылы әлемдік қауымдастықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтылу қажет. Екінші жағынан, өзін-өзі сақтауды, түрлі мәдениеттердің, тілдердің, ұлттық мемлекеттердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. 

Мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың рухани әлемінің дамуын байланыстыратын ғаламдық, аймақтық және елдік әлеуметтік сана үрдістерінің үш өлшемін: өткен, бүгінгі және болашақтағы парадигмалармен байланыстыратын жобаларды атап өтті. Бұл өте күрделі және көп деңгейлі құрылым. Ол Мемлекет басшысы атап өткендей ұлттық кодты сақтай отырып, ұрпақтарды байланыстырады және сабақтастықты қалыптастырады. 

Қазіргі әлем жаңа экономикалық өзгерістер алдында тұр, ол атап айтқанда, терең экономикалық дағдарыстың салдары, бәсекелестіктің күшеюімен байланысты. Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына шығу мәселесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрпатының тұрақтылығымен анықталады. Дегенмен, ең бастысы – қоғамдық сананың өзгеруі, оның өзгеруі ұлттың болашақ мүмкіндіктерін анықтайды.

Дархан Жұмағалиев,

Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика